Елордада өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының тарихи маңызы (Үшінші, төртінші және бесінші Құрылтайлар)

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Атамекенде шақырылған Дүниежүзі қазақтарының бес Құрылтайының қазақ халқы үшін орны ерекше, өйткені еліміз қазақсыз көркейіп, болашақта қадымдап қадам жасай алмайды. Қазақ елінде шақырылған әрбір Құрылтайлардың тарихи маңызы ерекше болып табылады. Мақалада тәуелсіз Қазақ елінің бас қаласы — Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының үш (ІІІ, ІV, V) Құрылтайларында қазақ диаспорасына байланысты шешімін тапқан мәселелерге талдау жасалған. Ұлттың ұлы жиынына айналған Құрылтайларда әлемнің қырықтан астам елдерінде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысып, қандастарымызға байланысты көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Өзінің қайнар бастауын, сонау 1992 жылдан алатын әлем қазақтарының Құрылтайлары жер шарының түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың іскерлік сұхбаты алаңына айналды. Құрылтай қазақ халқының мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, оны молайтуға мүмкіндік берді. Ол, сондай-ақ, біздің отандастарымыздың Қазақстанға өз еркімен қоныстануына үлкен жол салды. Осыдан отыз жыл бұрын шақырылған тұңғыш Құрылтай мәжілісінің шешімімен құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы әлемге тараған барша қазақтардың бас қосуына, бірігуіне көмек көрсетті. Қазақ диаспорасымен мәдени, рухани салада байланыс жасауда көптеген жұмыстар атқарды. Мақалада алға қойған басты мақсат қазақ диаспорасының басын біріктіріп Астана қаласында өткен құрылтайларда диаспораға байланысты шешімін тапқан мәселелерге және атамекенге оралған қандастарымызға сәйкес атқарылған жұмыстарға сараптама берілген. Елордада өткен үш Құрылтайда қазақ диаспорасы және елге оралған қандастарымызға байланысты мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары туралы кең көлемде мәліметтер берілді. Үшінші әлем қазақтары құрылтайы аясында өткен конференцияда шетелде тұратын қазақтардың атамекенге бастаған көші және оның төңірегі аясындағы мәселелерді шешу жолдары туралы айтылды. Сонымен қатар бірінші және екінші құрылтайларға қарағанда кейінгі елордада өткен үшінші жиынның ерекшелігіне талдау жасалды. Құрылтай мәжілі- сінде қабылданған қаулы, қарарлар негізінде шет елдегі қазақ диаспорасына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен іс–шаралар және оның жүзеге асу мәселелері қамтылды.

Description

Citation

Қозғамбаева Г.Б.Елордада өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының тарихи маңызы (Үшінші, төртінші және бесінші Құрылтайлар)/ Г.Б. Қозғамбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.- № 4(108). – б. 80-88.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By