Балалар фольклоры дəстүрлі мəдениеттің ерекше саласы ретінде

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада фольклордың қалыптасуы, қазақ халқының əн-күй өнерінің дамуына əсері мен олардың ерекшеліктері, қазақ халқының рухани байлығы мен құндылықтарды сақтаудағы алатын орны туралы мəселелер қамтылған. Қазақ ауыз əдебиетіне жүргізілген ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, болашақ ұрпаққа қалған рухани мұра ретінде фольклор үлгілерінің жинақталуы, халыққа таралу жолдары, оған дəлел болған көне түркі жазбаларындағы мифтік сюжеттер талданған. Жүргізілген зерттеулер негізінде қазақ халқының рухани құндылықтарын ұлттық əдебиет пен мəдениет арқылы қалыптастырудың жолдары, оны жүзеге асыруда жас ұрпақты балалар əдебиетінің үлгілерімен таныстыру, фольклор үлгілерін игерту, дəстүрлі мəдениетімізді сақтаудың құралы ретіндегі маңыздылығы айқындалған. Жас ұрпақты мəдениетті, өркениетті елдің азаматы ретінде тəрбиелеудегі балалар фольклорының айрықша орны туралы баяндалған. Қазақ халқының тұрмыс-салты мен ата- баба дəстүрінен сыр шертетін, өткен өмір көрінісімен бірге тығыз дамып келе жатқан дəстүрлі мəдениетті қалыптастырудағы фольклор жанрының жүздеген жылдар бойы дамып, өркендеп келе жатқан үлкен ғылым екендігі көрсетілген.

Description

Citation

Пангереев А.Ш. Балалар фольклоры дəстүрлі мəдениеттің ерекше саласы ретінде/А.Ш. Пангереев, М.Р. Балтымова//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.= Bulletin of the Karaganda university. PHILOLOGY Series. -2020. №3. 91-95 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By