1920 жылдардың соңында Орталық Қазақстандағы байларды жою науқаны
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада 1920 жылдардың аяғында Орталық Қазақстандағы байларды жою науқаны зерттеу
нысанына алынған. ХХ ғасыр бұл Кеңес үкіметі қазақ қоғамында түбегейлі өзгерістерді бастаған
кезең еді. Мал шаруашылығын қайта құру және нығайту, ұжымдастыру және оның негізінде
кедейлерге көмек көрсету, большевиктердің пікірінше, патриархалдық-тайпалық қатынастарды
бұзбай, бай-патриархалдық шаруашылықтарды жоймай ойға келмейтін. Кеңес үкіметінің ауылдағы ең
ірі революциялық оқиғасы — малды, дүние-мүлікті тәркілеу, қожаларды көшіру. Авторлар дәстүрлі
қазақ қоғамында байдың үлкен беделге ие болғанын және өз халқының әлеуметтік-экономикалық
өмірінде шешуші рөл атқарғанын атап көрсетеді. Байларды «тап» ретінде жою үдерісі құпиясы
жойылған мұрағат құжаттары негізінде авторлармен талданды. Сонымен қатар бай
шаруашылықтарының малдары мен мүлкін тәркілеу шараларының жергілікті халықтың басым
көпшілігінің көшпелі шаруашылығы мен тұрмысының өзіндік ерекшеліктерін ескермей
жүргізілгендігіне тоқталады. Мақалада жаппай террордың механизмі және бұл оқиғалардың аймақтық
ауқымдағы қайғылы салдары көрсетілген. Бай шаруашылықтарын тәркілеу және көшіру науқаны
кезінде егіншілік зардап шегіп, қоғамның әлеуметтік тобы — бай — мал шаруашылығы туралы
ғасырлар бойы қалыптасқан білім иелері жойылды деген қорытынды жасалған.
Description
Citation
Джумабеков Д.А. 1920 жылдардың соңында Орталық Қазақстандағы байларды жою науқаны/Д.А. Джумабеков [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №4. 18-31 б.