Қазақстан археологиясындағы эксперименттік зерттеулердің қалыптасуы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Бүгінгі таңда өткен тарих жетістіктерін өскелең ұрпаққа насихаттау жұмыстары ғылым алдындағы маңызды мәселелердің бірі екені белгілі. Осы орайда эксперименттік археология сынды заманауи бағыт ежелгі тарихқа қатысты ғылыми болжамдар шеңберінен шығудың барынша тиімді әдісі болуымен қатар, тарихи туризмді дамытуға қосар үлесі ерекше. Бұл ретте мақала Қазақстан археологиясындағы эксперименттік зерттеулердің қалыптасу тарихы мен қазіргі жағдайын талдауға арналған. Автор мақалада осы уақытқа дейін жүргізілген эксперименттік зерттеулердің қысқаша сипаттамасы мен маңыздылығына тоқталған. Сондай-ақ, аталмыш зерттеу барысында отандық археологтардың ғылыми ізденістері тарихилық қағидаты мен жүйелілік әдісі негізінде қарастырылған. Бұның нәтижесінде бастапқыда эксперименттік әдіс тас құралдар бетіндегі тозу үлгілерін анықтайтын трасологиялық зерттеулер аясында қолданылғанын атап өтуге болады. Кейіннен қола және темір дәуірі археологиялық жәдігерлерінің жасалу техникасы мен технологиясын түсіну мақсатындағы зерттеулерде кең таралады. Ал, соңғы жылдары ашық аспан астындағы археологиялық музейлердің ашылуы, халықаралық далалық мектептер мен фестивальдер барысында ежелгі дәуір мәдени жетістіктерін тарихи қайта құру шаралары эксперименттік зерттеулердің жаңа сипатта дамуына жол ашты. Өз кезегінде бұл, осы бағыттағы зерттеулердің сала мамандары мен халық арасындағы тарихи-танымдық байланыс орнатуда өзекті екендігін айғақтайды.

Description

Citation

Аяпова Д.Б. Қазақстан археологиясындағы эксперименттік зерттеулердің қалыптасуы/Д.Б. Аяпова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.- № 4(108). – б.17-23.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By