Бөрі архетипінің қазіргі қазақ прозасындағы трансформациясы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Жаһандану талаптарына сай ұлттық этномәдени архетиптерді қайта саралауда психоаналитикалық зерттеулер жүргізу, көркем шығармашылықтағы автор мен ұжымдық бейсаналыққа үңілу, сол арқылы ұлттық болмысты жоғалтпау мәселесін архетип әдеби сын тұрғысынан зерттеу бүгінде өзекті тақырыптардың бірі. Зерттеу барысында этномәдени архетипке жататын тотемдік ұғымдар туралы қазақ және әлем әдебиетіндегі көркем мәтіндерді салыстыру мен әлем мифологиясында кездесетін тотемдік ұғымдармен сабақтастыра қарастыру арқылы бөрі архетип образының трансформациясын айқындау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу мақаласының теориялық мәнін арттыру мақсатында архетип пен тотемге қатысты, оның ішінде бөрі тотемі туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін негізге алып, бөрі тотемінің түс пен түрге қатысты көркем бейнелері мен архетип образдары жан-жақты талданып, тың тұжырымдар алынды. Зерттеудің практикалық негізі ретінде Тәуелсіздік кезең прозасы мен шетелдік классикалық көркем шығармалар қарастырылды. Бөрі архетипі архетип әдеби сын тұрғысынан мифология мен фольклорлық шығармалар, көркем мәтін мен ұлт болмысына байланысты қалыптасқан наным-сенімдер негізінде сараланып, жаңа ғылыми пайымдар жасалды. Қазақ халқының ұжымдық бейсаналығында қалыптасып, бүгінге дейін сақталған көк бөрі архетипінің көркем шығармашылықта қайта жаңғыруы, реконструкциялануы мифологиялық архетиптермен сабақтастырыла талданды. Бөрі архетипінің ерекшелігін айқындауда халқымыздың фольклорлық шығармалары мен әлемдік мифологияны салыстыра зерттеуде К.Г. Юнг, П. Радин, Э. Нойманн, К. Воглер, К. Эстес сияқты ғалымдардың теориялық тұжырымдары зерттеу жұмысында қарастырылды. Сонымен қатар М. Мағауин, Ш. Мұртаза, А. Алтай шығармалары мен шетел әдебиетіндегі бөрі образы кездесетін көркем туындылар сараланды. Мақалада архетип әдеби сыны, психоаналитикалық зерттеу әдістері басшылыққа алынып, әр көркем шығармадағы автордың айтар ойын жеткізуде бөрі архетипін алу себептері ғылыми тұрғыдан түсіндірілді. Мәселен бөрі архетипінің қазақ халқының тотемдік бейнесі ретінде жан, рух, ұлы ана архетипі ретінде берілуі мен жалпы әлем әдебиетіндегі бөрінің басқа да архетип түрлерінде кездесуі арнайы топтастырылды. Атап айтқанда, көне мифологиялардағы бөрі тотем, магиялық күш иесі, хтоникалық хайуан, трикстер сияқты түрлі образдарда берілуі мен қазіргі әдеби шығармалардағы көркем бейнелерінің арасындағы айырмашылығы мен ұқсастықтары, жалпы құбылуы жан-жақты талданды. Зерттеу нәтижесінде бөрі архетипі көшпелі қазақ халқы үшін «мәдени канон» ретінде қалыптасқан архетип образ екендігі айқындалды.

Description

Citation

Демесинова Л.М. Бөрі архетипінің қазіргі қазақ прозасындағы трансформациясы/Л.М. Демесинова, Е.Б. Сұлтан//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 184-194 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By