Қазақ əдебиеттануында Ағыбай батыр образының зерттелуі
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Қазақ əдебиетінде жекелеген батырлардың бейнесінің сомдалуы бүгінгі таңда ғалымдардың аса назар
аудара қоймаған тақырыптардың бірі. Əсіресе, Кенесары хан тұсында отаршылдыққа қарсы күресте
жан аямай күрескен батырлардың бірі Ағыбай Қоңырбайұлы туралы шығармалар əдебиеттің бірнеше
саласында орын алған. Ауыз əдебиеті мен прозалық туындыларда, тарихи жырлар мен дастан,
өлеңдерде батыр туралы бірқатар шығармалар дүниеге келді. Мақалада Ағыбай батыр образының
əдебиеттануда қалай зерттелгені жəне қазіргі кездегі зерттелуіне назар аударылған. Архивтерде
сақталған батыр жайлы материалдар мен ауызша деректерді талдай отырып, оның тарихи бейнесі мен
көркем бейнесіне салыстырулар жасалған. Ағыбай тұлғасыныың əдеби образ ретіндегі ерекшелігі
туралы ғылыми тұжырымдар қарастырылған. Прозалық туындылардағы, фольклордағы Ағыбай
бейнесі мен тарихи жырлардағы Ағыбай бейнесі қатар зерттеліп, «Қаһар» романындағы батыр образы
арқылы берілген идеялық-эстетикалық концепциялар анықталған.
Description
Citation
Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ əдебиеттануында Ағыбай батыр образының зерттелуі/ Ж.Ж. Жарылғапов, С.У. Такиров//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы.-2023.- № 3(111). – 86-93 б.