Қазіргі заманғы лингвистика туралы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақала жаңа парадигмаларға негізделген интегративті лингвистиканың қазіргі жай-күйіне арналған. Экспансионизм, антропоцентризм, функционализм жəне экспланаторлық қағидаттары тіл біліміне тілді тікелей адаммен, оның қоғамдағы тіршілігімен байланысты қарастыруға мүмкіндік берді. Соның нəтижесінде жəне жаһандану үдерістері мен үрдісіне байланысты əлемдік лингвистикада жаңа салалар пайда болғаны белгілі. Сонымен қатар бұл өзгерістер кейбір пəндердің зерттеу нысандары мен сипаттау үлгілерін өзгерту қажеттігін туындатты. Мəселен, əлеуметтік лингвистикада бұрыннан зерттеліп жүрген мəселелерді зерттеу фокусы өзгерді. Əлемдік лингвистикада «үш шоғырлану шеңбері теориясына» сəйкес «плюрицентрлік (көпұлтты) тілдер» ұғымы жиі қолданыла бастады, көпұлтты тілдерді қарқынды зерттеу барысында тілдерді сипаттаудың жаңа моделі анықталды. Плюрицентрлік тілдердің автохтонды емес аумақтарда қолданылуы, дамуы, өзгеруі көптеген мəселелерді кешенді түрде қарастыруды көздейді, өйткені бұл сұрақтар сөйлеу субъектісі үшін де, геосаяси тұрғыдан да маңызды. Осы замангы плюрицентрлік тілдердің қазіргі кезеңдегі екітарапты өзгерісі ретінде Қазақстандағы орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдары мəтіндерінде кездесетін қазақ сөздері келтіріледі. Тілдегі өзгерістерді лексикалық тұрғыда тіркеп (фиксация), қолданысқа түсіріп отыратын, тілдегі, қоғамдағы, тілдік тұлғалар интенциясындағы өзгерістерді жіті көрсететін мəтінді түзетін де, оны оқитын да адам болғандықтан, қазіргі лингвистиканы адам туралы ғылым деуге болады.

Description

Citation

Əділова А.С. Қазіргі заманғы лингвистика туралы /А.С. Əділова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series.-2019.-№4.С.24-29

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By