«V» бүркеншік есімімен жарияланған еңбектердің Əлихан Бөкейханға қатыстылығы туралы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

КарУ баспасы

Abstract

2016 жылы алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағының екінші басылымы жарық көрді. 15 томдық шығармалар жинағы тынымсыз еңбек пен көп ізденістің арқасында басылып шыққаны анық. Дегенмен көптомдықтағы кейбір мақала мен аудармалардың ұлт көсемі Ә.Бөкейханға тиесілі екен күмән, сұрақ тудыртады. Нақтырақ айтқанда кейбір бүркеншік есіммен жазылған еңбектерге ерекше назар аудару қажеттігі байқалады. Мәселен, соңына алаш көсемінің бүркеншік есімдерінің бірі деп есептеліп жүрген «V» әрпі (таңбасы) қойылған кейбір мақалалар мен аудармалар солардың қатарына жатады. Ә. Бөкейхандікі екені анық еңбектер мәтіні мен «V» бүркеншік есімі қойылған еңбектердің мәтінін лингвистикалық тұрғыдан салыстыра- салғастыра зерттеу барысында олардың стилі мен сөз қолданысында елеулі өзгешеліктер бар екені анықталды. Мақалада Әлихан Бөкейханның 15 томдығындағы «V» бүркеншік есімімен тіркелген мақалалардың алаш көсеміне тиесілі еместігі тілдік және тарихи деректер негізінде айқындалады. Аталған бүркеншік есім қойылған қазақ тіліндегі мақалалар алаш көсемі Ә. Бөкейханға емес, алғаш алашшылдар қатарында болып, кейін компартия қатарына өтіп, социалистік қоғамның орнығуына белсенді қызмет еткен белгілі кеңес қайраткері Молдағали Жолдыбайұлына тиесілі екендігі екі автордың мәтіндеріне қатар талдау жасау арқылы дәлелденеді. Бұл авторлардың саяси көзқарастары мен компартияның ұстанған саяси курсына, кеңестік идеологияға қатысты ұстанымдары да сәйкеспейтіні, бір арнаға тоғыспайтыны да олардың әр кезеңде жазған еңбектері негізінде нақты көрсетілді. Зерттеу негізінде «V» бүркеншік есімінің артында екі автор тұр деген тұжырым жасалып, қай еңбектің кімге тиесілі екені ажыратылып берілді.

Description

Citation

Құрманбайұлы Ш. «V» бүркеншік есімімен жарияланған еңбектердің Əлихан Бөкейханға қатыстылығы туралы/ Ш. Құрманбайұлы//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№2(106) - б.89-100.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By