Цифрлық экономика жағдайындағы логистиканың дамуы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: Қазақстан Республикасында экономиканы цифрландыру аясында логистика саласының даму қарқынымен таныса отырып, жаңаша цифровизациялау құралдарын пайдалану әдістерін ұсыну. Әдісі: Мақалада салыстыру, талдау, жіктеу, статистикалық әдістер, индукция, дедукция, экономикалық-математикалық әдістер және модельдеу сияқты ғылыми әдіснамалық тәсілдер мен зерттеу әдістері пайдаланылды. Тұжырымдама: Қазақстан Республикасының логистика нарығы дамудың бастапқы кезеңінде. Логистика нарығын цифрландыру да баяу қарқынмен жүзеге асырылуда, оны цифрландырылған және инновацияланған кәсіпорындардың аздығынан байқауға болады. Қазақстандағы IoT нарығына қатысушылардың бытыраңқылығы, сондай-ақ заттар интернетінің бірыңғай экожүйесінің және нарық қатысушыларының саланы дамыту жөніндегі үйлестірілген күш-жігерінің болмауы оның өсуі мен дамуын әлі тежеп отыр. Қорытынды: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында бірқатар қадамдар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр, интеллектуалды көлік жүйесі, ақылы жолдар, цифрлық төлем құралдары қолданысқа енгізілуде. Бұл цифрлық экономика жағдайында логистиканы дамытудың бастапқы қадамдары. Транзиттік әлеует, көліктік-логистикалық хабтың болуы, енгізіліп жатқан цифрландыру құралдары ел логистикасының дамуына барлық мүмкіндіктерді ашып отыр, тек оны қолдана білу қажет. Сондықтан да логистиканы цифрландыруды жедел қолға алу маңызды.

Description

Citation

Цифрлық экономика жағдайындағы логистиканың дамуы/Төлеуұлы А.[т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 2(106). – б.332-345.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By