ХХ ғ. басындағы «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы (тарихи талдау)
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
ХХ ғ. басындағы Қазақстан тарихы түрлі оқиғалар мен саяси өзгерістерге толы кезең болғаны белгілі. Бұл кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының негізгі мәселелерінің бірі — «Алаш» партиясының қалыптасуы, оның тарихи негіздері, саяси және әлеуметтік сипаты және тарихтағы орны. Өзімізге белгілі, қазақ зиялылары Бірінші орыс революциясы кезінде саяси партия құруға тырысты. «Алаш» қозғалысы елдегі аласапыран уақытта адамдарға қамқорлық жасаған саяси күш болды. Мақала
«Алаштың» либералды-демократиялық партиядан автономияға дейінгі қалыптасуын зерттеуге арналған. Алаш тарихындағы фактілер мен оқиғаларды жариялай отырып, автор көшбасшылар мен қозғалыс құрылымдарының ұйымдастырушылық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қызметінің өзекті мәселелеріне назар аударған. Сонымен қатар «Алаш» қозғалысының барлық кезеңдеріне тарихи талдау жүргізіп, Алаш қайраткерлерінің сол кезеңдегі болып жатқан өзгерістерге көзқарасын,
олардың ұстанымын атап өтіп, жалпы елдегі саяси жағдайға сипаттама берген. Патша билігі құлатылғаннан кейінгі «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының большевиктермен елдің саяси қайта құрылуы туралы мәселе бойынша өзара байланысы жөнінде де айтылған. «Алаш» қозғалысының дамуына ықпал еткен Семей қаласының рөлі де қарастырылған. Мақала авторы Алаш
көшбасшыларының Алаш автономиясының астанасы ретінде Семей қаласын таңдауының тарихы мен себептеріне сараптама жасаған.
Description
Citation
Әбубәкір М.Н. ХХ ғ. басындағы «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы (тарихи талдау)./ М.Н. Әбубәкір// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 94-102 б.