Шығыс перипатетизмінің қазақ дүниетанымына ену процесі

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада Шығыс перипатетизмі идеяларының қазақ дүниетанымына ену және оларды бейімдеу үдерісі жан-жақты қарастырылған. Бұл зерттеу еңбегі Шығыс перипатетизмінің қалыптасуы мен Қазақ жеріндегі трансформациясын терең философиялық талдауға арналған. Мәтін исламдық дүниедегі Аристотель мұрасының рецепциясы мен оның сопылық іліммен синтезінің күрделі диалектикасын ашады. Зерттеуде перипатетизмнің болмыс, жан және ақыл туралы ілімдерінің сопылық мистикалық тәжірибемен үйлесім табуы, жергілікті мәдениетпен өзара әрекеттесуі арқылы жаңа рухани-философиялық феноменнің пайда болуы зерттелген. Автор Шығыс перипатетизмінің тек қана интеллектуалдық дәстүр емес, сонымен қатар аймақ тұрғындарының дүниетанымы мен өмір салтына терең әсер еткен маңызды мәдени-тарихи құбылыс екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар, фалсафаға тән рационалистік және гуманистік қағидалардың дәстүрлі көшпелі менталитетпен өзара синтезінің маңыздылығы ерекше атап өтілген. Бұл синтез қазақ халқының философиялық ойының өзіндік бірегей моделін дамытуға айтарлықтай ықпал етіп, оның интеллектуалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін қалыптастырды. Мақалада осы үдерістің нәтижелері мен тарихи мәні кеңінен ашылып көрсетілген. Шығыс перипатетизмі идеяларының қазақ дүниетанымына ықпалы әсіресе ортағасырлық Орталық Азия мен ислам философиясының өркендеу кезеңінде айқын байқалды. Жалпы алғанда, зерттеу Шығыс перипатетизмі мен қазақ ойлау дәстүрінің сабақтастығын айқындап, олардың тарихи-мәдени мәнін және мұндай талдаулар аталған бағыттағы тарихи- философиялық сабақтастықты терең түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында дереккөздер мен тарихи-философиялық мәтіндерге талдау жасалып, олардың қазіргі қазақ қоғамының рухани жаңғыру үдерісіндегі рөлі де сарапқа салынған.

Description

Citation

Аскерхан Н.Шығыс перипатетизмінің қазақ дүниетанымына ену процесі./ Н. Аскерхан.// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 2(118)-шығ. — 320-327 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By