Жалғыздық философиялық мәселе ретінде

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Философия ғылымында басты сұрақтардың бірі болып саналатын жалғыздық психология, педагогика, тілтану, әлеуметтану, мәдениеттану, дінтану сияқты басқа да ғылымдардың зерттеу нысандары қата- рына жатады. Жалғыздық қазіргі заманның өмір салты жағдайында ең өзекті, әрі өткір мәселелердің бірі. Жалғыздық ұғымын түсіну адамның мәнін түсінуге үлесін қосады, алайда жалғыздық феномені бірмәнді, қарапайым емес. Зерттеудің негізгі әдістері отандық және шетелдік дереккөздерді мәдениет- танулық, антропологиялық, герменевтикалық, когнитивті талдау, синтездеу және жалпылау негізінде зерттеу материалдарын сипаттау, жіктеу, жүйелеу және салыстыру болып табылады. Жалғыздықты философиялық тұрғыда қарастыруда феноменология мен экзистенциализм дамыды және жүйеленді. Феноменология жалғыздықты интерсубъективтілік, яғни адамның басқа адамдармен теориялық- танымдық қарым-қатынас мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі, олардың жалпы өмір сүруін мойындау және «Мен» жалғыздығы тарапынан қарастырды. Экзистенциализмде жалғыздық жабық антрополо- гиялық ғаламның принципіне айналып, ішкі оқшаулану жеке болмыстың негізі болды. Жалғыздықты философиялық мәселе ретінде зерттеу нәтижесінде оның барлық адамдарға тән екендігі, бірақ әр тұл- ға үшін әртүрлі өзіндік сипатты иеленуі айқындалды. Қоғамымызда ежелден бері кең таралған құбы- лысқа айналған жалғыздыққа әлемдік философияда қарама-қайшы пікірлер қалыптасты: 1) жалғыздық ежелгі қоғамда рұқсат етілген интеллектуалдық жалғыздық тұрғысынан оң бастама болып саналды; 2) жалғыздық әлеуметтік дерт қатарындағы денсаулыққа қауіпті, бақытқа қарсы, жағымсыз қасиеттерге ие, жанашырлық пен наразылық тудыратын қауіпті, көп жүзді, арамза дерт ретінде қарастырылды. Демек, ежелгі қоғамда интеллектуалдық жалғыздық данышпандар мен философтарға қызмет етті.

Description

Citation

Балапашев Б.С. Жалғыздық философиялық мәселе ретінде/Б.С. Балапашев, А.О. Турсынбаева, Х.А. Шимшек//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №1. 217-224 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By