Қазақ даласындағы Орынбор мүфтилігінің шариғи сот қызметі

Abstract

Мaқaлaдa Ресей империясы тұсындағы Орынбор мүфтилігінің шариғи сот қызметіне талдау жaсaлынғaн. Атап айтқанда молдалардың қазылық қызметі, Орынбор мүфтилігінің аппеляциялық сот құзіреттілігі, империяның азаматтық заңнамалары арқылы шариғи сот жүйесін басқару, үйлестіру ерекшеліктері жəне оның қазақ қоғамындағы көрінісі қарастырылған. Мұсылман дін өкілдерінің қазылық қызметін талдау Қазақстан аумағындағы мұсылмандық басқарудың ерекшелігін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Авторлар империялық үлгідегі шариғи сот жүйесі ислам тарихындағы қазылық қызметтен əлдеқайда тар екендігін анықтады. Сонымен қатар Петропавл, Көкшетау, Өскемен молдаларының белсенді жұмысы жəне неке қиюға қатысты бірқатар мəселелер, əсіресе мəжбүрлі неке мен қалыңдық үшін мал түріндегі төлемдер туралы айтылды. Алайда, мұрағатта ғылыми айналымға енгізілмеген көптеген құжаттардың болуы жəне осы тақырыптағы отандық зерттеулердің аздығы бұл тақырыптың толық ашылмағандығын көрсетеді. Осы себепті, авторлар осы салада қосымша зерттеулер жүргізуді ұсынды.

Description

Citation

Мирзагелдиев Б.А. Қазақ даласындағы Орынбор мүфтилігінің шариғи сот/Б.А. Мирзагелдиев, Р.М. Мухаметшин//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих. Философия Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия.=Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.-2019.-№4(96).-Б. 93-101.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By