Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың құқықтық жəне ұйымдастырушылық ерекшеліктері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Зерттеудің мақсаты — Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориясы мен тəжірибесіне тоқтала отырып, оның ұлттық негіздерінің тарихи-дəстүрлі тұжырымдарын бекіту, қазіргі уақыттағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамытудың негізгі мəселелерін талдау, оның ұлттық моделін қалыптастырудағы басты кедергілерді анықтау жəне оны жетілдіруге қажетті заңнамалық
ұсыныстар беру. Мақалада елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың дəл қазіргі уақыттағы маңыздылығы ашылған, оның ұлттық моделін жасаудағы ескеретін мəселелер талданып, тиісті заңнамалық ұсыныстар қарастырылған. Тарихи-диалектикалық əдісті қолданудың нəтижесінде Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуының тарихи сабақтастығы мен оның тиісті дəрежеде дамымауы анықталды. Сонымен қатар, зерттеуді жүргізу барысында жергілікті өзін-өзі басқару туралы қазіргі қалыптасқан заңнамаға құқықтық анализ жасалып, синтез əдісі арқылы оның компоненттерінде болып жатқан олқылықтар айқындалды. Өзге елдердегі жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын, оның қазақстандық тəжірибемен ұштасуын өзара талдау мақсатында салыстырмалы-құқықтық талдаулар да жасалды. Зерттеу нəтижесінде құқықтық талдаудың көмегімен жергілікті өзін-өзі басқарудың заңнамалық жəне ұйымдастырушылық проблемалары жүйеленіп, оны жетілдіру мақсатында заңнамаға ұсыныстар əзірленді. Тақырыпты зерттей келе, Қазақстандағы
жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірудегі ескерілмей жатқан тұстары айқындалды жəне оны дамытудың ұлттық, тарихи жəне аймақтық ерекшеліктері қарастырылды.
Description
Citation
Айтимов Б.Ж. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың құқықтық жəне ұйымдастырушылық ерекшеліктері / Б.Ж. Айтимов// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы.– 2023. – № 3(111). – pp. 45-59.