Тұрақты тіркестердегі ер мен әйел бейнесінің гендерлік ерекшеліктері

dc.contributor.authorЖумашева, К.Б.
dc.contributor.authorТурганалиева, Г.Г.
dc.contributor.authorӨтесова, А.М.
dc.date.accessioned2025-10-28T10:37:39Z
dc.date.available2025-10-28T10:37:39Z
dc.date.issued2025-09-30
dc.description.abstractМақалада қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестердің гендерлік ерекшеліктері тілдік, әлеуметтік және мәдени аспектіде жан-жақты талданған. Зерттеудің негізгі мақсаты — қазақ халқының ұлттық дүниетанымында орныққан ер мен әйел бейнесінің тілдегі көрінісін фразеологиялық бірліктер негізінде анықтау, сондай-ақ бұл бірліктердің гендерлік рөлдер мен стереотиптерді қалыптастырудағы қызметін ашып көрсету. Гендер ұғымының тілдік жүйеде көрініс табуы тек грамматикалық категориялармен ғана шектелмей, тілдің әлеуметтік қызметі арқылы қоғамдағы гендерлік ұстанымдарды бейнелеумен тығыз байланысты. Зерттеудің теориялық негізіне Дж. Батлердің гендерді әлеуметтік-мәдени дискурс арқылы «перформативті» сипатта қарастыруы, Р. Лакоффтың әйел сөйлеу мәнерінің әлеуметтік детерминациясы жөніндегі тұжырымдары және Д. Кэмеронның тіл мен гендерлік қатынастар арасындағы өзара байланысты талдауы алынған. Сонымен қатар отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ тіл біліміндегі гендерлік лингвистика мәселелеріне қатысты зерттеулерге шолу жасалды. Материал ретінде І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» пайдаланылып, ерлер мен әйелдерге қатысты фразеологизмдер іріктеліп алынды. Ерлерге тән тіркестерде батырлық, қайсарлық, көшбасшылық, күш-қуат сияқты сипаттар басымдық танытса, әйелдерге қатысты тұрақты тіркестерде нәзіктік, сұлулық, тазалық, тартымдылық тәрізді сипаттамалар алдыңғы орынға шығады. Бұл ерекшеліктер қазақ қоғамындағы дәстүрлі гендерлік рөлдердің тілдегі көрінісі ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде қазақ фразеологиясындағы гендерлік концептілердің ұлттық-мәдени кодтарды жеткізудегі және ұрпаққа жалғаудағы маңызды рөлі айқындалды. Фразеологизмдер гендерлік дүниетанымды қалыптастыратын, мәдени сананы сақтайтын және қоғамдағы гендерлік қатынастарды реттейтін маңызды тілдік-мәдени құрал екендігі дәлелденді. Зерттеу қазақ тіл біліміндегі гендерлік лингвистика бағытын тереңдетуге септігін тигізіп, болашақта өзге тілдермен салыстырмалы зерттеулер жүргізуге негіз болады. Әдеби мысалдарда ерлердің батырлық бейнесі эпитеттер мен метафоралар арқылы сомдалса, әйелдер бейнесі лирикалық нәзіктікпен астасып, көркем образ жасауда шешуші рөл атқарады. Бұл тұрғыда гендерлік фразеологизмдер тек тілдік құрал емес, көркемдік тәсіл ретінде де бағаланады. Мақалада қарастырылған мәліметтер тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығын, сондай-ақ ұлттық тілдегі гендерлік сана көріністерін сипаттауға бағытталған. Қазақ фразеологиясы арқылы мәдениеттегі гендерлік құрылымдар қалайша тілде кодталатыны нақты мысалдармен көрсетілді. Бұл зерттеу қазақ тілінің гендерлік мазмұнды беру тетіктерін талдау арқылы ұлттық мәдениеттің құндылықтарын жүйелеуге мүмкіндік береді.ru_RU
dc.identifier.citationЖумашева К.Б. Тұрақты тіркестердегі ер мен әйел бейнесінің гендерлікерекшеліктері/К.Б. Жумашева, Г.Г. Турганалиева, А.М. Өтесова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. 2025. №3. 133-147 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/20978
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№3(119)/2025
dc.subjectгендерru_RU
dc.subjectгендерлік зерттеулерru_RU
dc.subjectфразеологизмдерru_RU
dc.subjectгендерлік фразеологизмдерru_RU
dc.subjectгендерлік лингвистикаru_RU
dc.subjectфразеологиялық бірліктерru_RU
dc.subjectгендерлік таптаурындарru_RU
dc.titleТұрақты тіркестердегі ер мен әйел бейнесінің гендерлік ерекшеліктеріru_RU
dc.title.alternativeГендерные особенности в фразеологических выражениях казахского языка: социально-культурные ценности и их языковое отражениеru_RU
dc.title.alternativeGender Features in Kazakh Phraseological Expressions: Socio-Cultural Values and Their Linguistic Representationru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-133-147.pdf
Size:
1.04 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: