Ұзақбай Құлымбетов Қазақ АКСР Халық Комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қатпары қалың тарихтың кез келген дәуірінде халқының болашағы мен ертеңгі күні үшін өз өмірін сарп еткен тұлғалар аз болмады. Солардың бірі емес, бірегейі, өмірі қысқа болса да саналы ғұмырын ел мүддесіне жұмыс жасап, мұғалімдік қызметтен Қазақ КСР Орталық Атқару комитетінің төрағасы қызметіне дейін көтерілген тұлға ― Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов болатын. Мақалада Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары ретінде атқарған қызметтері туралы айтылады. Бұл кезең Қазақстан тарихындағы аса ауыр жылдармен сәйкес. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық қазақ халқын қалың құрсауға алған болатын. Зерттеу мұрағат құжаттарына сүйеніп жазылды. Мұрағатта сақталған мәліметтер Ұзақбай Құлыметовтің сол кезеңде атқарған қызметі туралы көптеген ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесі ретінде қазақ халқының болашағы үшін күрескер тұлғаның есімін халқы білуі тиіс. Қарапайым халықтың зардап шекпеуі үшін мемлекеттік саясаттың салиқалы болуын талап ету маңызды. Мемлекеттің тірегі ― халық. Сондықтан да билік халықта болғанда ғана ел ертеңі үшін алаңдамай жарқын болашақ құра алады.

Description

Citation

Нурбаева Д.З. Ұзақбай Құлымбетов Қазақ АКСР Халық Комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде / Д.З. Нурбаева, З.О. Дукенбаева// Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 91-98 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By