Cауда осалдығының алдын алудың стратегиясы: механизмдері, құралдары, нысаналы индикаторлары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасы сауда осалдығының үрдістері, олардың алдын алудың
механизмдері мен индикаторлары қарастырылған. Сауда осалдығын болғызбау стратегиясын іске
асыру процесінде белгілі бір тəуекелдер туындауы мүмкін. Ол тəуекелдерге: Қазақстанның
экспорттайтын энергия ресурстары мен ауылшаруашылығы шикізатына əлемдік бағалардың
құбылмалылығы, əлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы, сауда компаниялары мен өз
қызметін жүйе құраушы компаниялардың жанында жүзеге асыратын шағын жəне орта бизнес
кəсіпорындары іскерлік белсенділігінің баяулау жəне тағы басқа түрлері жатады. Стратегиялық
құжаттардың арасында 2030 жылға дейін ҚР-ның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
тұжырымдамасы бар. Оның ішінде сауда осалдығының деңгейін төмендету мақсатында нысаналы
индикаторлар көзделген болатын. Мақалада осыған байланысты сауда саласындағы тəуекелдерді
басқару мақсатында əлемдік экономиканың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен негізгі
шикізат тауарларына əлемдік бағалар динамикасы, ықтимал тəуекелдерді уақтылы анықтау үшін
Қазақстан экономикасының мониторингін қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ қолайсыз
жағдайлар туындаған жағдайда, оның ішінде ұлттық экономиканың байлауымен, рецессиясымен
немесе дағдарысымен сипатталатын, энергия ресурстарына əлемдік бағалардың күрт ауытқулары
салдарынан экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау қажет.
Description
Citation
Санг-Кю Ли Cауда осалдығының алдын алудың стратегиясы: механизмдері, құралдары, нысаналы индикаторлары/ Санг-Кю Ли, А.А. Аманбаева, А.Н.Рамашова//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.= Bulletin of the Karaganda University. Economy Series.-2018.-№4.-Б. 168-176.