Көркем фантастика мəтіндерінің лексикасы А.-Х.Ф. Мархабаевтың «Жұлдыздар жарығы жерге жетеді» романы бойынша
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Қазақ көркем фантастикасы мəтіндерінің вербалды қабатындағы лексика арнайы қарастыруды қажет етеді. Ондағы жалпыхалықтық лексика, арнаулы лексика, квазитерминдер, түрлі кəсіби сөздер, неологизмдер қаламгер суреттеп отырған қиялдағы дүниені неғұрлым шынайы елестету, оқиғалар мен құбылыстарға қатысты ғылыми-фантастикалық немесе техникалық мəліметтерді жеткізу, автордың концептуалды ойын жеткізуге қажетті реалияларды нақтылау, сипаттау, таныстыру мақсатында қолданылады. Фантастика мəтіндерінде кездесетін авторлық неологизмдерді ғылыми əдебиетте түрліше атайды. Қарастырылып отырған мəтіндегі авторлық қолданыстарды квазитерминдер деп
атауға болады, алайда олардың поэтикалық окказионализмдер қатарына жатқызыла алмайтынын да айта кеткен дұрыс. Квазитерминдер қазақ тілінің аналитикалық сөзжасам тəсілімен жасалып, түрлі квазиреалияларды атау үшін қолданылған.
Description
Citation
Адилова, А.С. Көркем фантастика мəтіндерінің лексикасы А.-Х.Ф. Мархабаевтың «Жұлдыздар жарығы жерге жетеді» романы бойынша / А.С. Адилова, А.Ш. Смаилова // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. – 2015. – № 2. – 4-8 б.