Қазақ танымындағы «Бақыт» концептісінің вербалдануы
| dc.contributor.author | Келмағамбетова, Ш.С. | |
| dc.contributor.author | Кенжегалиев, С.А. | |
| dc.contributor.author | Жанузахова, Қ.Қ. | |
| dc.date.accessioned | 2025-10-28T11:34:19Z | |
| dc.date.available | 2025-10-28T11:34:19Z | |
| dc.date.issued | 2025-09-30 | |
| dc.description.abstract | Мақалада қазақ танымындағы «Бақыт» концептісінің вербалдануы зерттелген. Қазақ халқының дүниетанымында бақыттың алатын орнын, оның танымда қалай бейнелейтіндігі талданған. Әрбір тілдің өзіндік бейнелеу тәсілдері мен сөздік қорында халқына тән мәдени элементтер мен ұлттық сипаттағы көріністер болады. Сол көріністі анықтау мақсатында «Бақыт» сөзін алға тартып, тілдегі мақал-мәтелдер, басқа да тілдік бірліктер арқылы сол ұғымның ұлттың дүниетанымы, оның мәдени құндылықтары мен дүниеге деген көзқарасы анықталады. Нәтижесінде, аталмыш концептінің қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтар жүйесіндегі орны мен маңызы айқындалып, оның тілдік көрінісі арқылы діл мен дүниетаным ерекшеліктері ашып көрсетілген. Сонымен қатар тіл мен танымның өзара байланысы қоғамның дамуымен, тарихи өзгерістермен және әлеуметтік факторлармен қалайша өзгеріп отыратыны қарастырылып, рухани құндылықтар, отбасылық байланыстар, табиғатпен үндестік және әлеуметтік әділдік сияқты мәдени-танымдық аспектілермен байланысты екені анықталады. Мақалада бақыт ұғымының жеке тұлғаның өміріндегі рөлі, оны бағалаудың ерекшеліктері зерделенген. «Бақыт» ұғымының тек субъективті эмоционалдық күй ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтармен, салт-дәстүрмен, рухани болмыспен тығыз байланысты екені көрсетілген. Авторлар қазақ тіліндегі «Бақыт» концептісінің вербалды репрезентациясы арқылы халықтың дүниеге көзқарасы, өмірлік ұстанымдары мен ұлттық менталитетінің айқын бейнесін ашады. Мақаланың мақсаты — қазақ тіліндегі «Бақыт» концептісінің сөздіктер арқылы мағынасын ашып, оның ұлттық таным мен дүниетаным арқылы қалай көрініс табатынын көрсету. Сондай-ақ тілдегі бұл ұғымның вербалдануы арқылы қазақ халқының өмір салты мен құндылықтарын түсінуге бағытталған. Тілдік деректер негізінде бақыттың ұлттық сипаты мен оның қазақ мәдениетіндегі рөлін айқындау көзделеді. Зерттеу материалы ретінде қазақ тілінің лингвистика, философия, психология, әлеуметтану т.б. салалары бойынша «Бақыт» концептісіне қатысты мақалалар және «бақыт» сөзін зерттеген зерттеушілердің еңбектері алынды. Нәтижесінде авторлар «Бақыт» концептісінің қазақ халқының ұлттық ұғымында алатын орны маңызды екенін анықтады. Мақала тіл мен ділдің өзара байланысын түсінуге, сондай-ақ ұлттық дүниетанымдағы «Бақыт» ұғымының маңызын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Ұлттық тілдің мәдени — танымдық әлеуетін ашуға және тіл мен ділдің өзара әрекеттесуін талдауға бағытталған. Зерттеу тіл білімі, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, антропология және этнопсихология салаларына үлес қосады, қазақ дүниетанымын түсінуге және компаративтік зерттеулерге негіз қалайды. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Келмағамбетова Ш.С. Қазақ танымындағы «Бақыт» концептісінің вербалдануы/Ш.С. Келмағамбетова, С.А. Кенжегалиев, Қ.Қ. Жанузахова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 161-171 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/20989 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№3(119)/2025 | |
| dc.subject | «Бақыт» | ru_RU |
| dc.subject | таным | ru_RU |
| dc.subject | тіл | ru_RU |
| dc.subject | діл | ru_RU |
| dc.subject | дүниетаным | ru_RU |
| dc.subject | құндылықтар | ru_RU |
| dc.subject | тілдік бейнелеу | ru_RU |
| dc.subject | ұлттық болмыс | ru_RU |
| dc.subject | ұлттық сана-сезім | ru_RU |
| dc.subject | этнолингвистика | ru_RU |
| dc.subject | мінез-құлық | ru_RU |
| dc.title | Қазақ танымындағы «Бақыт» концептісінің вербалдануы | ru_RU |
| dc.title.alternative | Вербализация концепта «Счастье» в казахском познании | ru_RU |
| dc.title.alternative | Verbalization of the concept of “Happiness” in Kazakh cognition | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |