Тілдік оппозиция: антонимдер мен қарама-қарсы мəндес сөздердің пайда болу диалектикасы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада соңғы жылдардағы қазақ тіл білімінің даму бағыттарының, оның ішінде антропоөзектілік
бағыттың рөлі мəселесі қамтылған. Антропоөзектілік бағыттың өзіндік ерекшеліктері адамның
ойымен, танымымен, іс-əрекетімен тікелей байланыста талданған. Жүргізілген зерттеулердің негізінде
авторлар тарапынан тілдік дамудың ішкі қайшылықтар мен қарама-қарсылықтар күресіне
негізделетіндігі жəне ол қайшылықтар мен қарама-қарсылықтардың табиғат, қоғам, адам санасындағы
бірін-бірі жоққа шығаратын жəне сонымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар,
тенденциялар арасындағы қатынастар екендігі тұжырымдалған. Мақалада қарама-қарсылықтар
заңының, яғни тақырып аясына қажетті тілдік оппозициялардың ежелгі философ-ойшылдардың
еңбектерінен бастау алатындығы жəне қарама-қарсылық мəселесінің антикалық философия мен
логикадан басталатындығы дəлелденген. Сонымен қатар қарама-қарсы құбылыстардың міндетті түрде
бір текке немесе бір-біріне қарама-қарсы түрге жататыны жəне сондай-ақ, олардың өздері мағыналық
жағынан туыстас, сыбайлас тектерді білдіретіні айқындалған.
Description
Citation
Нұртаева А.Б. Тілдік оппозиция: антонимдер мен қарама-қарсы мəндес сөздердің пайда болу диалектикасы/А.Б. Нұртаева, Сүйер Экер//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.= Bulletin of the Karaganda university. PHILOLOGY Series. -2020. №3. 34-39 б.