Адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің бағалауыш мəні
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Қазақ фразеологизмдері — ұлттық менталитетті, адамгершілік қасиеттерді, сана-сезімді, эмоцияны,
мінез-құлықты сипаттауда актив қолданылатын тілдік бірлік. Қазіргі тіл білімінде фразеологизмдерді
антропоцентристік бағытта зерттеу өзекті болып табылады. Мақалада фразеологиялық бірліктердің
экспрессивтік жəне прагматикалық қызметі мен бағалауыш мəні, семантикалық өрісі, тематикалық
топтары жөніндегі ғылыми пікірлер сараланып, адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің
бағалауыш мəніне талдау жасалған. Авторлар адамның жеке қасиеттерін, мінез бітістерін, іс-
əрекеттерін, бет-келбетін, дене бітімін бейнелеп, сипаттап, экспрессивті-эмоционалды тұрғыда
бағалайтын сапалық-бағалауыш семантикасы бар фразеологизмдер екендігіне назар аудара отырып,
тілдегі адам бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерді білдіретін фразеологизмдерді оң, теріс жəне
бейтарап бағалауыш мəніне қарай үш топқа топтастырған жəне оларды іштей семантикалық кіші
топтарға жіктеген. Зерттеу нəтижесі бойынша қазақ тілінде адами қасиеттерді сипаттауда теріс
бағалауыш мəнге қарағанда, оң бағалауыш мəнде жұмсалатын фразеологизмдердің санының артық, ал
бейтарап бағалауыш мəндегі фразеологизмдердің аз екендігін анықтаған. Бейтарап бағалауыш мəнді
фразеологизмдердің нақты оң не теріс бағалауыш мəні мəтін арқылы анықталатындығын дəлелдеген.
Description
Citation
Ажарбекова Э.Н. Адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің бағалауыш мəні/Э.Н. Ажарбекова, Ш. Мажитаева, Ж.Д. Рапишева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №3. 25-31 б.