Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету түрлері бойынша кәсіпорын шығындарын қаржыландыру мәселелері: емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерін беру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақаланың негізгі мақсаты еңбек қауіпсіздігінің түрлері бойынша кәсіпорынның шығындарын
есептеудің әдістемелік бағыттарын қалыптастыру, атап айтқанда емдік-профилактикалық тамақтану және сүт
өнімдерін беру.
Әдістері:Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы әдістер де қолданылды, мысалы, синтез және
талдау әдістері, оның ішінде жүйелік және кешенді. Статистикалық әдіс ресми статистикалық мәліметтермен де,
Интернеттен алынған ақпаратпен де жұмыс істегенде қолданылды.
Қорытынды: Бүгінгі таңда Ұлттық бюроның статистикасы бойынша 375 мың қазақстандық қауіпті өнді-
рісте жұмыс істейді, оның 75 пайыздан астамы ерлер. Зерттеу барысында бұл мәселе бойынша Ресей Федера-
циясы мен Украина сияқты ірі посткеңестік елдердің тәжірибесі зерттеліп, нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорын-
дардың емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерін шығару шығындары есептелді. Қарастырылып
отырған шығындар бойынша бюджетті есептеу формулалары ұсынылды, бұл болашақта қаржыландырудың ти-
істі әдістемесін құруға негіз бола алады.
Тұжырымдама: Қауіпті өндірістік және қауіпті еңбек жағдайлары бар кәсіпорындарда: өз қызметкерлерін
емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыс берушілердің өз қаржысы шең-
берінде заңнамалық деңгейде қабылданған нормативтер бойынша және есептеудің ұсынылған әдісі бойынша
міндеті болып табылады.
Description
Citation
Баяндин М.А.Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету түрлері бойынша кәсіпорын шығындарын қаржыландыру мәселелері: емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерін беру/М.А.Баяндин, Н.В.Қабашева, Г.Д.Баяндина//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. -2023. № 2(110) Б.173-182.