«Тұлпардың ізі» фильмінің сценарийіндегі көркемдік детальдің рөлі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада 1964 жылы экранға шыққан «Тұлпардың ізі» фильмі (режиссері: Мəжит Бегалин) мен əдеби
сценарийіндегі (авторы: Əкім Тарази) маңызды көркемдік детальдардың бірі — арқанның
драматургиялық қызметі қарастырылған. Автор архив құжаттарына сүйене отырып, əдеби
сценарийдің барлық нұсқасындағы («Жанарымда — Шолпан жұлдыз», «Жазира», «Тұлпар»), сондай-
ақ режиссерлік сценарий мен фильмдегі арқанмен байланысты эпизодтарды сараптаған. Сонымен
бірге, «Тұлпардың ізі» фильмінің режиссерлік сценарийіне қатысты «Қазақфильм» киностудиясының
сценарий бөлімі мен көркемдік кеңесінде өткен талқылаулардан үзінділер келтірілген. Мақалада
арқанның көркемдік деталь ретінде сценарий мен фильм оқиғасының өрбуіне, кейіпкерлер бейнесінің
тереңірек ашылуына, олардың ішкі психологиялық күйін сезінуге тигізетін ықпалы дəлелденген.
Сонымен қатар арқанның əдеби сценарий мен фильмде фабулалық, психологиялық, мазмұндық деталь
ретіндегі драматургиялық қызметі айқындалған.
Description
Citation
Мұқышева Н.Р. «Тұлпардың ізі» фильмінің сценарийіндегі көркемдік детальдің рөлі/Н.Р. Мұқышева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №1. 38-45 б.