Ақтау таулы өңірінің дəрілік өсімдіктерінің экобиологиялық ерекшеліктері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Издательство Карагандинского государственного университета им. Е.А.Букетова
Abstract
Мақалада Ақтау тауының дəрілік өсімдіктерінің түрлік құрамының жəне олардың практикада пайдаланылу мүмкіндігі бағаланды. Ақтау тауының климаты күрт континенталды, бұл тəуліктік, мезгілдік жəне жылдық температуралардың ауытқуымен жəне ылғалдың жетіспеушілігімен байланысты. Ақтау тауы құрғақ далалы өсімдіктер типімен сипатталады. Зерттелетін түрлерді анықтау бойынша экспедициялық зерттеулер маршрутты-рекогносцирлік əдістер арқылы жүргізілді. Нəтижесінде Ақтау тауының дəрілік өсімдіктерінің түрлік құрамы жəне систематикалық сипаттамалары анықталды. Тау территориясында дəрілік өсімдіктердің 57 тұқымдасқа жəне 81 туысқа жататын 115 түрі табылды. Систематикалық жағынан пайдалы түрлердің көпшілігі күрделігүлділер тұқымдасына, екінші орында раушангүлдер, ары қарай ерінгүлдер, астық тұқымдастар, қияршөптер, шатыргүлдер жəне басқалары құрады. Сондай-ақ дəрілік өсімдіктерінің түрлерінің өмірлік формалары мен экологиялық топтары зерттелді, олардың практикада пайдаланылу мүмкіндігі анықталды. Алынған мəліметтер ары қарай Қазақстанның əр түрлі өнеркəсіптік салалары үшін дəрілік өсімдіктердің шикізат қорын жинауға жəне өндіріске пайдасы тимек
Description
Keywords
Citation
Əуелбекова, А.К., Əтікеева, С.Н. Ақтау таулы өңірінің дəрілік өсімдіктерінің экобиологиялық ерекшеліктері/ А.К.Əуелбекова, С.Н.Əтікеева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. - 2014. №2. С.14-20