Бүгінгі таңдағы ислам елдеріндегі мемлекет пен дін қатынасының ерекшеліктері, принциптері мен даму тенденциялары: Сауд Арабиясы, Мысыр, Малайзия

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы.

Abstract

Мақалада ислам елдеріндегі дін жəне мемлекет қатынасы аспектілері қарастырылған. Сауд Арабия патшалығы мен Египет Араб Республикасы жəне Малайзия Федерациясы зерттеу нысаны ретінде алынды. Дін мен мемлекет қатынасын ашу үшін қарастырылған мемлекеттердің исламға басымдылық беру ерекшеліктеріне, оның ішінде діни партиялардың қызметінің белсенділігі мен елдің орналасу аумағына жəне этноконфессиялық құрамына қарай талданды. Сонымен қатар мақалада үш елдің биліктік жүйесінің дінге қатыстылық деңгейі де сараланды. Зерттеу барысында Сауд арабиясының дінге басымдылық беру деңгейі өзге екі елден қарағанда қатаңырақ екендігі, алайда, соңғы жылдары басқару жүйесі мен білім беру жəне қызмет көрсету салаларында, сонымен қатар көп сынға ұшыраған мəдени мұраларды сақтау істерінде өзгерістер мен жаңашылдықтарды енгізуге деген талпыныстар байқалды. Ал, Мысыр елі ислам дініне басымдылық берумен қатар ибраһимдік діндерге де мəртебе беретіндігі жəне елдің саяси билігі екі елге қарағанда əлдеқайда зайырлы екендігі айқындалды. Ма- лайзия монархиялық биліктегі мұсылман елі бола тұра, елде діни, саяси партиялардың жəне өзге дінге негізделген ұйымдардың қызметіне еркіндік береді. Олардың белсенділігі парламенттегі сайланған мүшелермен елдің басқару ісіне араласуға мүмкіндік алады. Ел тарихында өз халқының əралуандығын нарықтық бəсекеге бағыттау арқылы дамудың жоғарғы көрсеткішіне жеткізе алды. Тақырып мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың əр елдердегі ерекшеліктерін ашуға бағытталғандықтан зерттеу барысында құрылымдық-функционалдық жəне дінтанулық салыстырмалы талдау əдістері қолданылды.

Description

Citation

Мажиев Ғ. Бүгінгі таңдағы ислам елдеріндегі мемлекет пен дін қатынасының ерекшеліктері, принциптері мен даму тенденциялары: Сауд Арабиясы, Мысыр, Малайзия/Ғ. Мажиев, Р.М. Мухаметшин//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих.Философия Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История.Философия.=Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.-2020.-№1(97).-Б. 128-135.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By