Жұмыскерлердің əлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың өзекті мəселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Жұмыскерлердің əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын қорғау мəселесінің өзектілігі еңбек құқығы
ғылымы саласында осы мəселеге жеткіліксіз назар аударумен жəне əлеуметтік-еңбек құқықтарын
қорғау мəселесінің тəжірибеде орын алып, оң шешімін таппау негіздері, тəжірибенің қажеттіліктеріне
толығымен сəйкес келмейтін заңнаманың жағдайымен байланысты, тиісті қатынастарды құқықтық
реттеуді жан-жақты жетілдіруді талап етуде. Зерттеу көрсеткендей, қоғамдағы жұмыскерлердің
əлеуметтік жəне еңбек құқықтарының бұзылуы, атап айтқанда еңбек режиміне байланысты, еңбек
қатынастарын тіркеу немесе жұмыстан шығару кезінде орын алады. Алайда, олардың көпшілігі
өздерінің əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын, мүдделерін қорғауға ұмтылмайды, бұл азаматтардың
белсенділігінің төменділігін, олардың əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын қорғауға арналған билік пен
ұйымдарға, кəсіпорындарға деген сенімінің төмендігін көрсетеді. Мақаланың мақсаты —
жұмыскерлердің əлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мəселелерін теориялық
жəне практикалық талдау, əлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың орнын жəне еңбек қатынастарын
əлеуметтік-құқықтық реттеу механизмін анықтау. Сонымен қатар, мақсат ретінде еңбек
қатынастарының қазіргі даму кезеңінде бұзылған əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын қорғаудың
заңды құралдарының тиімділігіне талдау жүргізу қажеттілігін сипаттайды. Авторлар мақалада
бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтірудің қолданыстағы əдістерінің тиімділігін талдай отырып,
еңбек дауларын сот арқылы қорғау мəселесін қозғаған. Зерттеу нəтижесінде авторлар жұмыскерлердің
əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын қорғау саласындағы еңбек заңнамасын жетілдіру қажет деген
қорытынды жасайды.
Description
Citation
Белхожаева Д.Ж. Жұмыскерлердің əлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың өзекті мəселелері/Д.Ж. Белхожаева, Д.С. Байсымакова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №3. 170-179 б.