Батыс Қазақстандағы савромат ескерткіштерінің зерттелу тарихы (ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы хақында)

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақала Оңтүстік Орал маңындағы савромат ескерткіштерінің зерттелу тарихына арналған, негізінен, ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасу және даму мәселелерін қамтиды. Ерте көшпелілердің тарихы мен географиялық орналасу аймағы туралы деректер антикалық авторлардың еңбектерінен бастап кездеседі. Соның ішінде, грек тарихшысы Геродот сармат тайпаларының Скифияның шығыс шекарасына іргелес жатқан жерлерді мекендегенін «Тарих» атты еңбегінде келтіреді. Жалпы, антикалық әдебиеттер, тақырыбымызға сәйкес келетін савромат-сармат тайпалары туралы құнды мәліметтер береді. Десе де, Орал даласында ерте темір дәуірінде өмір сүрген ежелгі тайпалар ұзақ уақыт бойы зерттелмеген күйінде қалып отырды. Тек, XІХ–ХХ ғасырлардан бастап қана зерттеушілердің назарын өзіне аударта бастайды. Осы уақыт аралығында Ф.Д. Нефедов, И.А. Кастанье, М.И. Ростовцев, Б.Н. Граков, П.С. Рыков, М.К. Қадырбаев және т.б. ғалымдар савромат-сармат мәдениетінің ескерткіштеріне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, аталмыш мәдениетті зерттеуде үлкен өзгерістер алып келді. Сондай-ақ, 1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының құрылуы — көшпелілер тарихының одан әрі зерттелуіне ықпал етті.

Description

Citation

Қалыш А.Б. Батыс Қазақстандағы савромат ескерткіштерінің зерттелу тарихы (ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы хақында)/А.Б. Қалыш, А.Ш. Аққалиева//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.- № 4(108). – б.121-134.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By