Ыбырай Алтынсарин — азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақалада ХІХ ғасырдың көрнекті ғалымы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі суреттелген. Оның ірі педагог, фольклорист, этнограф, əдебиеттанушы, ағартушы ретіндегі шығармашылығына сипаттама берілген. Алтынсариннің тұңғыш рет қазақ даласында жергілікті тұрғын халықтың балалары үшін бастауыш мектеп құрудағы тарихи рөлі көрсетілген. 1860–1879 жылдары ол педагогикалық қызметпен қатар, сан қырлы жұмыстар жүргізгендігі, атап айтқанда: Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші, Торғай уездік судья, Торғай уезі басшысының аға көмекшісі, Торғай облысы Халық училищелерінің инспекторы болғандығы айтылған. Ұлы ағартушының Илецк, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде орыс-қазақ мектептерін, Орскіде мұғалімдер мектебін, Торғайда Кəсіпшілік училищесін, Ырғызда Қазақ қыздары үшін мектеп-интернатын ашу жолында арылмай-талмай қажырлы еңбек атқарғандығы көрсетілген. Оның «Қырғыз хрестоматиясы» жəне «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқытудың бастауыш нұсқауы» атты алғашқы оқулықтары демократиялық жəне гуманитарлық рухқа толы екендігі туралы қорытынды жасалған.

Description

Citation

Каренов, Р.С. Ыбырай Алтынсарин — азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі / Р.С.Каренов // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. – 2015. – № 4. – 56-64 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By