География пәні мұғалімдерін дайындауда цифрлық білім беру ресурстарының ерекшелігі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада қоғамның барлық саласы, еңбек нарығы цифрлық ресурстарды кеңінен қолдана білетін ма-
мандарды талап етіп отырғандықтан, болашақ маман иелерін цифрлық ресурстарды кеңінен қолдана
білуге дайындауда жоғары оқу орында атқарылатын жұмыстар түріне сипаттама жасалған. Білім беру,
оқытуда цифрлық технология жаңа контексті құрап отыр, қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу орталықтары
ақпаратты жеткізу бойынша жасап жатқан ресурстар түрлерімен болашақ ұстаздарды дайындау. Күн-
делікті дәріс, семинар сабақтарды цифрлық ресурстарды қолдану арқылы студенттерді даярлау. Сабақ
барысында цифрлық ресурстарды қолдану жаңа инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндігін
кеңейтеді. Қазіргі уақытта білім саласында мобильділік өте жоғары болуы, электронды портфолио, кре-
диттер, интернет-журнал, подкаст цифрлық ресурстарды кең көлемде қолдануды талап етеді. Оқы-
тушылар студенттерге жұмыстың мазмұнын, әдісін, құралы мен формаларын өзгертуге мүмкіндік жа-
сай алатын шығармашылық жұмыстарды ұсына отырып, өзіндік жұмыстардың сипатын талдауды, оқу
қызметін өз беттерінше ұйымдастыра алуды, білім алуда оқытудың топтық, ұжымдық түрін таңдауға
бағыт бере отырып, білім берудегі цифрлық ресурстардың қажеттілігін түсіндіреді. Цифрлық білім бе-
рудің ерекшеліктерін: білім алушы үшін түсініктілігін, нақты мәліметтердің болуын, дәрісті жоспар-
лауда нақты түрін таңдау, білім алушылардың дағды, білім, білікке негізделген оқу іс-әрекетінің түр-
лерін ұсыну, білім берудің деңгейлік саралау, даралау мүмкіндігін, білім беруде заманауи жоғары ин-
терактивтілігін, мультимедиялығын қамтамасыз етілуін ескеру қажет. Жоғары оқу орны оқытушысы-
ның негізгі мақсаты, оқытудың сапалы нәтижелеріне жетуге жағдай жасайтын және цифрлық техноло-
гияға негізделген оқыту дизайндарын зерттеуге бағытталады. Мақалада география пәні мұғалімдеріне
жоғары сапалы білім беруді анықтау үшін, сапалы оқуды ұсынатын принциптер кешені дайындалуы
туралы және жоғары білім беру кезінде аса сапалы оқытуды қамтамасыз ете алатындай әлеуеті бар
оқыту дизайнының басты элементтерін сипаттау үшін ассоциативтік, когнитивтік, жағдаяттық тұғыр-
ларын қолданудың қажеттілігі сипатталады: білім алушылардың білімді игеруге атсалысуын, студент-
тердің бұрын игерген білімдері мен қалауларын ескере отырып, соның негізінде олар күткен деңгейде
білім ұсыну, оқыту контексіне мән беру, оқыту дизайнын жүзеге асыру мәселесін және білім алушыға
ұсынылатын кеңірек оқыту бағдарламасы аясында оның орнын қарастыру. Цифрлық білім беруде білім
алушыға қойылатын міндет түрлері, оның өз оқуына сыни көзбен қарауына, зияткерлік дағдыларына
қолдау көрсету үшін белсенді атсалысуын ынталандыруға және құлшынысын арттыруға арналған тәсіл-
дерді талдау, білім алушылардың үйреніп, қалыптастырып жатқан білімдерін өздеріне және өз сы-
ныптастарына көрсетіп, оны бөлісуге ынталандыру.
Description
Citation
Кадирбаева Д.А. География пәні мұғалімдерін дайындауда цифрлық білім беру ресурстарының ерекшелігі/Д.А. Кадирбаева, Н.Б. Серикбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2023. №2. 88-96 б.