Алаш қозғалысының қайраткері Хайретдин Болғанбаев: тарихтағы жеке тұлғаның рөлі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Қазіргі кезеңде Отандық тарихнамада ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында орын алған тарихи
үрдістерді және оның мәселелерін зерттеу өзекті әрі күрделі тақырыптардың бірі екендігі белгілі. Елі-
міздің тарихында ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше орынға ие. Себебі, осы кезеңдегі қазақ халқының
қоғамдық-саяси тарихы қазақтардың мүддесін қорғаған интеллигенциямен және Алаш қозғалысымен
тығыз байланысты. Сондықтан мақаланың өзектілігі — ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллиген-
циясының тәуелсіздік және дәстүрлі қоғамның санасын жаңарту үшін күресін, осымен бірге атқарған
рөлін зерттеудің қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасының дамуы үшін қажеттілігімен айқында-
лады. Егер, ХХ ғасырдың тарихына үңілетін болсақ, қазақ интеллигенциясы әйгілі жарқын тұлғалар-
дың қалыптасуына әкелгендігі белгілі. Мұндай тұлғалардың бірі — Хайретдин Болғанбаев. Осы се-
бептен мақаланың мақсаты — Хайретдин Болғанбаевтың ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының
дамуы мен қайта құруларға қатысуын және қосқан үлесін анықтау.
Description
Citation
Елкей Н.Н. Алаш қозғалысының қайраткері Хайретдин Болғанбаев: тарихтағы жеке тұлғаның рөлі/Н.Н. Елкей, Т.С. Садықов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 111-118 б.