Топырақ қабатының ауыр металдармен ластануы жағдайындағы тұрғындар ағзасына əсер ететін канцерогенді қауіптілік

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Мақалада топырақтағы ауыр металдарды анықтаудың математикалық үлгісі ұсынылған. Жерге мониторинг жүргізілді, ол топырақ мөлшерін, миграция жəне оның адамға қаншалықты зиян екендігін көрсетті. Сондықтан да ауыр металдардың топырақтағы моделін сипаттау үшін тіршілік ету формасын, трансформациясын жəне топырақтағы ауыр металдардың миграциясын бақылау кажет. Топырақ қабатындағы ауыр металдар элементтерінің көшуін, олардың күйінің жалпы сипаттау үшін физика-химиялық қасиеттерді ескеру міндетті болып табылады. Топырақтың ластануынан тұрғындар денсаулығына канцерогенді қауіптілік деңгейі есептелді. Сөйтіп, кешенді қауіптілікті бағалауға біз топырақ құрамындағы канцерогенді агенттердің тұрғындар денсаулығына қауіптілігін бағаладық. Ол үшін денсаулыққа канцерогендердің əсерін бағалау бойынша АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің əдістемелік құжаттары қолданылған жəне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің гигиеналық регламентация жүйесіндегі химиялық жүйенің қауіпсіздік деңгейі ескерілген

Description

Citation

Мұқашева, М.А., Мұқашева, Г.Ж. Топырақ қабатының ауыр металдармен ластануы жағдайындағы тұрғындар ағзасына əсер ететін канцерогенді қауіптілік/ М.А.Мұқашева, Г.Ж.Мұқашева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. - 2014. №3. С.104-107

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By