Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы идеяларын іске асыруға қосқан үлесі

dc.contributor.authorАхметшина, Г.У.
dc.contributor.authorКабылтаева, С.К.
dc.contributor.authorСайлаубаева, Н.Е.
dc.date.accessioned2022-06-14T04:50:50Z
dc.date.available2022-06-14T04:50:50Z
dc.date.issued2022
dc.description.abstractМақалада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің тәуелсіздік алған жылдардан бері ел тарихын қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстары сараланған. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерге байланысты ел архивтерінің қосқан үлесі зерттелген. Мемлекеттік тұрғыдан архив ісін жаңғыртуға байланысты қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы баяндалған. Авторлар Қазақстан архивтерінің тәуелсіздік алған жылдардан бергі атқарған іс-шараларын саралап, кезең-кезең бойынша жіктеп қарастырған. Мысалы, 1990 жылдар мен 2000 жылдар аралығында республикалық архив қорларындағы сақтау бірліктері, қабылдап алынған істердің жай-күйіне тоқталған. Аталмыш күндерді атап өту барысында ел архивтерінің атқарған істері, өткізген көрмелері, жинастырған құжаттарының сипаттамасы баяндалған. Облыстық архивтердің Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашу мақсатында ХХ ғасырдың нәубетті жылдарында шетел асып кеткен қазақтар туралы, аштық, қуғын-сүргін қасіретіне арналған құжаттарды жинақтап, Бас архив қорына тапсыруы, осы құжаттар негізінде «Алаш-Мирас» деп аталған ғылыми альманахтар шығаруы өте ауқымды істердің бірі болып саналады. 1995 жылы еліміздің архив ісіне 200 жыл толуына байланысты өткізілген халықаралық конференция жұмыстарының да хаттамаларына көз жүгіртіп, сараланған. Бұл конференцияға ТМД елдерінің архив басқармаларының өкілдері келіп қатысқан. Бұдан өзге, ТМД елдерінің барша архив мекемелері жұмылып кіріскен, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлерді іздестіру мақсатында Қазақстанның әр облысынан майданға аттанған азаматтардың тізімін жасау сынды ауқымды шара жүргізілген. Осы жұмыстың нәтижесінде әр облыстың «Еске алу кітабы» шығарылған. Архивтердің осы бағытта жүргізген іздестіру жұмыстары мәселелеріне авторлар тереңінен тоқталуға тырысқан. 1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылында» ел архивтері ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін кезінде жазықсыз атылған асыл азаматтарды ақтау мақсатында архивтердің шаң басқан сөрелеріндегі құжаттарды көтеріп, осынау бір игі іске қомақты үлестерін қосқаны белгілі. 1998 жылы «Ұлттық архив туралы заңның» бекітілуі ел архивистері үшін бұл жылдың ерекшелігін айқындай түсті. Осы жылы бір жағынан «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланғандықтан, ғылыми-теориялық конференцияларды, архив материалдарын негізінде жарияланған отан тарихына қатысты іргелі еңбектер, ғылыми мақалалар кеңінен жарық көрді. Авторлар 2000 жылдары қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды, «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Архив–2025» сынды бағдарламалар негізінде атқарылған кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесін зерделеуге тырысқан.ru_RU
dc.identifier.citationАхметшина Г.У. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы идеяларын іске асыруға қосқан үлесі/Г.У. Ахметшина, С.К. Кабылтаева, Н.Е. Сайлаубаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy series. - 2022. - №1. - 25-32 бет.ru_RU
dc.identifier.issn2663-5100
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/13229
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherКарУ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy series. №1(105)/2022;
dc.subjectұлттық архивru_RU
dc.subjectархив қорларыru_RU
dc.subjectмемлекеттік бағдарламаru_RU
dc.subjectбағдарламалық мақалаru_RU
dc.subjectтәуелсіздікru_RU
dc.subjectкүнтізбеru_RU
dc.subjectальманахru_RU
dc.subjectжеке тектік қорru_RU
dc.subjectрухани жаңғыруru_RU
dc.subjectархившілерru_RU
dc.titleҚазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы идеяларын іске асыруға қосқан үлесіru_RU
dc.title.alternativeВклад Национального архива Республики Казахстан в реализацию идей программной статьи «Рухани жаңғыру»ru_RU
dc.title.alternativeThe contribution of the National Archives of the Republic of Kazakhstan to the implementation of the ideas in the program article “Spiritual Revival”ru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
2022_history_1_105_2022 -3.pdf
Size:
900.87 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: