Ауғанстан мəселесін реттеудегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы дамуының жаңа кезеңі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада 2018 ж. ШЫҰ-ның Үндістан мен Пəкістанның есесіне кеңеюінен кейінгі Ұйымның дамуының жаңа тенденциялары қарастырылған. ШЫҰ-ның кеңеюі оның саяси-экономикалық үлесінің айтарлықтай өскенін көрсетеді. Авторлар қазіргі кезеңдегі ауған шиеленісуін реттеудегі «ШЫҰ-Ауғанстан» Байланыс тобының қызметіне талдау жасаған. Егер, бұрын Ауғанстан орта- азиялық қауіпсіздіктің сыртқы факторы ретінде қарастырылса, ендігі кезекте Ауғанстандағы жағдайды реттеу ШЫҰ-ның болашақтағы жұмысы үшін өте өзекті болып табылады. Мақалада Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздік мəселелері өзінің өзектілігін жоғалтпағандығы көрсетілген. Мақала авторлары қазіргі кезеңдегі ауған мəселесін реттеу бойынша «ШЫҰ-Ауғанстан» Байланыс тобы мен мəскеулік жəне ташкенттік келіссөздер форматтарының қызметтеріне салыстырмалы талдау жасаған. Авторлар 2020 ж. 29 ақпанындағы АҚШ пен «Талибан» арасындағы Ауғанстан территори- сынан американдық əскерлерді шығарудың мерзімі жөніндегі келісімшартқа қол қойған АҚШ белсенділігіне байланысты ШЫҰ-ның ауған мəселесін реттеудегі мүмкіндіктері шектеулі деген қорытынды жасайды. Дегенмен, бірқатар себептердің арқасында АҚШ пен талибтар келісімшарт ережелерін орындамау себептеріне байланысты ауғанаралық диалогтың басталуында тежеулер байқалды. Бұл өз кезегінде болашақта Ауғанстанды ШЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуға итермелейді.

Description

Citation

Стамбулов С.Б. Ауғанстан мəселесін реттеудегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы дамуының жаңа кезеңі/С.Б. Стамбулов, Б.А. Досова, А.Г. Амангельдиева//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №3. 207-212 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By