Жетісудағы Алашорда үкіметінің мүшесі, Алаш əскерінің қолбасшысы — Отыншы Əлжанов (140 жылдығына орай)

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақала Жетісудағы Алаш қозғалысының жетекшісі, əскери қолбасшысы, ағартушы жəне публицист Отыншы Əлжановтың 140 жылдығына арналған. Оның ғылыми мақалаларының негізгі тақырыптары халық ағарту қызметі, жастарды өнер-білімге шақыру, руаралық тартыстарды сынау, жергілікті шаруашылықтарды дамыту, қазақтың ұлттық дəстүрлерінің ерекшеліктері жəне ауыз əдебиеті болғандығы туралы айтылған. 1916 жылғы көтерілісте Патша үкіметі билігі тарапынан қарапайым қалың қазаққа қысымшылық жасалмауы үшін тырысып баққаны пайымдалған. Оның Алашорда Үкіметінің құрамына сайлануына, Жетісу қазақтарының съезіне дайындық жұмыстарын жүргізуге, халықтық милиция құруға бағытталған сан қырлы қызметі суреттелген. Азамат соғысы жылдарында Ашыққандарға жəрдем жасау комитетін құру, сондай-ақ Жетісу халқын қорғау үшін милиция жасақтарын ұйымдастыру жолындағы айрықша рөлі дəріптелген. Сондай-ақ оның 1918 жылдың жазында қызыл партизандармен болған ауыр шайқаста қайғылы қазаға душар болғаны мəлімденген.

Description

Citation

Каренов Р.С.Жетісудағы Алашорда үкіметінің мүшесі, Алаш əскерінің қолбасшысы — Отыншы Əлжанов (140 жылдығына орай) /Р.С.Каренов //Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия=Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.-2013.-№3.С.35-41

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By