Түркияда туризм кірістері жəне экономикалық өсу арасындағы қарым-қатынасты талдау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Туризм елдерге пайда əкелетін маңызды салаға айналуда. Туризм саласының маңыздылығы дамушы
елдердегі халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі, елге валюта ағымын ұлғайту жəне де төлем
балансында реттеуші рөл атқаратындығында болып табылады. Туризм секторы пайда табу үшін
туристік тауарлар мен қызметтер өндіретін, сататын жəне соның нəтижесінде құндылық жарататын
орналастыру мекемелері, тамақ жəне сусындар өндірісі, демалыс орындары мен басқа да туристтік
кəсіпорындарды қамтиды. Туризм саласының дамуы аталмыш салалардың да дамуын білдіреді.
Туризм саласынан түсетін табыстардың елдердің экономикалық өсу процесіне əсері туризмді
дамытуға бағытталған саясатты қалыптастырудағы шешуші фактор болып есептеледі. Туризм секторы
ұлттық табыстың үлесімен, төмен балансының ағымдағы шотының əсерімен, тікелей немесе жанама
жұмысқа орналасу мүмкіндігімен, көптеген секторлармен өзара əрекеттесуімен жəне оның елдің алға
жылжуындағы рөлімен байланысты Түркияның өте маңызды секторы болып табылады. ARDL тестін
қолдана отырып, мақалада Түркиядағы 1980–2016 жылдардағы туризм кірісі мен экономикалық
өсімінің жылдық деректері қарастырылды. Нəтижелер бойынша Түркияда туризм кірісі мен ІЖӨ-нің
өсу тенденциясы бар деген қорытынды жасалды.
Description
Keywords
Citation
Сыздықова А. Түркияда туризм кірістері жəне экономикалық өсу арасындағы қарым-қатынасты талдау/А. Сыздықова [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №4. 360-368 б.