ҚАЗТЕСТ: тыңдалым тапсырмалары — талап жəне тəжірибе

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Мақалада тілдік білімді бағалаудың отандық жүйесінің тыңдалым блогы тапсырмалары функционалдық тұрғыда қарастырылған. ҚАЗТЕСТ республика тұрғындары мен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін халықаралық тестілеу жүйелері негізінде құрылған. Бұл бағалау жүйесі сөйлеу əрекетінің төрт түрі — айтылым, тыңдалым, оқылым жəне жазылым — бойынша тест тапсырмаларын қамтиды. Авторлар тест тапсырмалары тілдік білімді тек бағалау ғана емес, жетілдіру қызметін де атқарады, яғни тілдік білімді бағалаушы үшін ғана емес, тіл үйренуші үшін де өзекті екенін атап көрсетеді. Əр блоктағы тест тапсырмаларын дайындауға қойылатын жалпы талаптар болады. Тыңдалым тапсырмаларына таңдалып алынатын аутентті мəтіндер үшін оны түсініп, қабылдау ерекше маңызды, бұл үшін тіл үйренушінің (тестіленушінің) белсенді, рецессивті, əлеуетті сөздік қоры, тілдік жорамалға бейімділігі, жады айрықша рөл атқарады. ҚАЗТЕСТ жүйесі түсіну классификациясының түрлі типтерін ұштастырған. Тыңдалым тапсырмаларының дұрыс түсінілуіне лингвистикалық жəне экстралингвистикалық (психологиялық, əлеуметтік-мəдени, техникалық) себептер əсер етеді. Авторлар ҚАЗТЕСТ жүйесін талдай келе, оның барлық блогындағы тест тапсырмаларын республикадағы оқу ұйымдары мен мекемелерінің оқыту бағдарламасымен ұштастыру мемлекеттік тілді қолдау, оның қолдану аясын кеңіту тетіктерінің бірі бола алады деген қорытынды жасайды.

Description

Citation

Əділова А.С. ҚАЗТЕСТ: тыңдалым тапсырмалары — талап жəне тəжірибе/А.С. Əділова, З.Н. Жуынтаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.= Bulletin of the Karaganda university. PHILOLOGY Series. -2020. №2. 13-18 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By