Бағдарламалау тілдері бойынша электрондық оқу ресурсын жасау және тиімділігін зерттеу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, ғылымды дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – ғаламтор желісін қолдана отырып, қашықтықтан оқыту. Онлайн білім беруді қамтамасыз ету үшін қажетті және тиімді оқу ресурстарын жасау оқытушылардың басты міндеті болып табылады. Осы мәселеге орай, мақалада авторлардың бағдарламалау бойынша студенттерге арнап жасаған электрондық оқу ресурсы және оның тиімділігін анықтау мақсатында студенттерге жүргізілген сауалнама зерттелген. Авторлар мақала барысында оқу ресурсының интерфейсін көрсетіп, мазмұнын баяндайды және студенттерге жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін талдайды. Оқу ресурсы бағдарламалау тілдері бойынша теориялық материалдан, тест тапсырмасынан және С++ бағдарламалау тілі негізінде құрылған жаттығу тапсырмаларынан тұрады. Жасалған оқу ресурсы 6B06103 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бірінші курс студенттеріне сынау мақсатында берілді және студенттерге сауалнама жүргізіліп, нәтиже алынды. Мақалада қарастырылған мәселе онлайн оқыту барысында бағдарламалау саласы бойынша сапалы білім беруге, студенттердің дербес білім алу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа технологияларды игеруге ықпал етеді.

Description

Citation

Хасенова А.А. Бағдарламалау тілдері бойынша электрондық оқу ресурсын жасау және тиімділігін зерттеу/А.А. Хасенова, М.С. Сегізбаева, С.А. Кауланова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. 23-29 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By