«Мен де оны тырнағынан таныдым...» (Абайдың астарлы сөздері)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада бүгінгі таңда абайтану іліміне қатысты ең өзекті мəселелер көтерілген. Абайдың өлеңдері текстологиялық-мəтіндік тұрғыдан талданып, ғылыми пайымдаулар жасалған. Абайдың азаматтық көзқарасына қатысты осы уақытқа дейін теріс түсіндіріліп, не бұрмаланып келген оқиғалардың астарын ашатын өмірлік деректерге негізделіп ұсынылған. Абайдың жеке өміріне қатысты зерттеулер мен естеліктердегі мағлұматтар архив мұраларымен салыстырылып, бір ізге түсіріліп, авторлық көзқарас тұрғысынан сараланған. Сонымен қатар, абайтану іліміне қатысты кейінгі жарты ғасырда айтылып жүрген əр түрлі сыңаржақ пікірлерге тойтарыс берілген. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» мен «Біреудің кісі өлсе — қаралы ол» жəне «Бай сейілді, бір бейілді» мен «Бойы былғаң, сөзі жылмаң», Сегіз аяқ» өлеңдеріне мəтіндік талдау жасалған. Мазмұндық қолданысына қатысты сыңаржақ пікірлер айтылған сөз, сөз тіркесі, өлең тармақтарына түсініктеме жазылған. Мысалы, қиуа, ақ шом, табытын қаққан, баспақ, саспақ т.б. сөздердің қолданылу аясы, контекстегі мағынасы сараланған. Ақынның жарық көрген шығармалар жинағында берілген мəтіндік түсініктемелер де назардан тыс қалмаған. Мəтіндік талдаудың ғылыми бірізділігі жайлы да өз тұжырымдары ұсынылған.

Description

Citation

Жұртбай Т. «Мен де оны тырнағынан таныдым...» (Абайдың астарлы сөздері)/Т. Жұртбай//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №1. 6-15 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By