Кәсіпорынның тұрақты дамуындағы мәселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: Бүгінгі таңда компанияның бизнес-моделін құруда, оның әрі қарай серпінді дамуына көптеген факторлар әсер ететіні сөзсіз. Компаниялар қаржылық есептілікпен қатар қаржылық емес ақпаратты да мүмкіндігінше ұсынуға тырысады. Қаржылық емес ақпарат интеграцияланған есептілікте көрініс табады. Интеграцияланған есептіліктің құрамдас бөлігі ретінде танылатын кәсіпорынның тұрақты даму бойынша есептілігін құру маңызды. Есептілік көрсеткіштері компанияның тұрақты дамуындағы мәселелерді айқындайды. Мақалада экономиканың қазіргі жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты дамуындағы кездесетін мәселелер қатарын белгілей отырып, тығырықтан шығу жолдарын көрсете келе, сыртқы ортаның тұрақсыздығы жағдайында қолданылатын шаралар жолдары зерттелген. Әдісі: Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қатары іздестіріліп, оларды тәжірибеде ұтымды қолдану жолдары қарастырылған. Тұрақты дамуға әсер ететін бірнеше факторлар да суреттелген, олардың әрқайсысы зерделенген. Қорытынды: Компанияның тұрақты даму мәселелерінің бірі ретінде тұрақтылықты басқаруды алға тартуда кездесетін мәселелер назардан тыс қалмаған. Ол компания басшылығының қызметіне немқұрайлылығы мен тиімсіз шешімдер қабылдауындағы, жеткіліксіз мөлшерде жетекшілік етуінің салдарынан да туындауы жайлы баяндалған. Сонымен қатар, шетелдік авторлардың көзқарастарына шолу жасалып, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ұтымды жолдары көрсетілген. Тұжырымдама: Тұрақты даму туралы есептілікті құратын кәсіпорындардың тәжірибесі елімізде нақты әрекет етуші көшбасшылық танытқан ірі кәсіпорындардың көрсеткіштері сараланып, талдаудың нәтижесі айқындалған. Олар бойынша кәсіпорын өзінің тұрақты дамуында қызметкерлердің қалыпты өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт беру керектігі бекітіле отырып, ол үшін компания қоршаған ортаның сапасын жақсарту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты аспектілерге көңіл бөлінетіні айдан анық. Сонымен қатар, қоршаған орта, табиғи ортаны сақтау кәсіпорынның тұрақты даму үрдісінің ең маңызды орын алар көрсеткіштерінің біріне айналған және әлеуметтік саланың әділ дамуы мен экологиялық тұрғыда қауіпсіздік қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз ету басты міндеті деуге болады.

Description

Citation

МусиповаЛ.К. Кәсіпорынның тұрақты дамуындағы мәселелері/ Л.К. Мусипова, Н. Бердимурат// Вестник Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.— 2023. — № 4(112). — 185-192с.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By