Цифрлық гуманитаристикадағы этика және жауапкершілік: философиялық талдау
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада цифрлық гуманитаристиканың (Digital humanities) негізгі этикалық және философиялық мәселелері қарастырылған. Авторлар жауапкершілік пен бүкіл адамзаттың этикалық принциптеріндегі философиялық негіздерді талдап, цифрлық деректерді пайдалану барысында сыни көзқарастың маңыздылығын атап көрсетеді. Талқыланған мысалдар мен тәсілдер гуманитарлық зерттеулерді цифрландырудың оң және теріс салдарларын көрсетеді және цифрлық дәуірдегі этикалық нормалар
мен стандарттарды белгілеу қажеттілігіне баса назар аудара отырып, цифрлық гуманитаристиканың тұрақты және қауіпсіз дамуына ұсыныстар береді. Зерттеудің мақсаты — цифрлық гуманитаристикада қолданылатын негізгі этикалық принциптерді анықтау және оның философиялық негіздерін зерттеу, теориялық парадигмалар мен этикалық нормаларды, тәжірибелерді негіздеудің тәсілдерін талқылау, цифрлық гуманитаристикадағы кемшіліктер мен даму бағыттарын анықтау үшін қолданыстағы тәжірибелерге сыни талдау жүргізу. Авторлар ағымдағы зерттеу бастамаларында этика мен жауапкершілікті арттыру үшін дүниежүзілік тәжірибедегі стратегияларды зерттеп, нақты ұсыныстар жасайды. Мақала цифрлық гуманитаристика саласында жұмыс істейтін ғалымдар, студенттер және практиктер үшін, сондай-ақ технология мен гуманитарлық білімдер тоғысында пайда болған
сұрақтарға қызығушылық танытатын кез келген адам үшін пайдалы ресурс болып саналады.
Description
Citation
Аккулиева А.Е., Нұрышева Г.Ж. Цифрлық гуманитаристикадағы этика және жауапкершілік: философиялық талдау./ А.Е. Аккулиева, Г.Ж. Нұрышева.// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 213-221 б.