ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ хандарының хаттары және дипломатиялық хат алмасулардағы шағатай тілінің рөлі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ хандығының халықаралық қарым-қатынастарында қазақ хандары мен сұлтандарының хаттары негізгі дипломатиялық дереккөзі болып саналады. Қазақ қоғамының басқа- рушы элитасының хаттарын кешенді түрде зерттеу және ғылыми айналымға енгізу мәселесінде белгі- лі тарихшы И.В. Ерофеева үлкен еңбек сіңірді. Хандар мен сұлтандардың хаттарында Қазақ ханды- ғындағы ішкі және сыртқы саяси жағдайына байланысты нақты тарихи мәліметтер кездесетіндіктен олар тарихшы-зерттеуші үшін құнды тарихи жәдігер болып табылады. Мақалада И.В. Ерофееваның жетекшілігімен 2014 жылы жарық көрген «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675- 1821 годов» атты екі томдық фундаменталды еңбектің негізінде хандар мен сұлтандардың хаттары қа- растырылған, қазақ басқарушы элитасының билігіндегі ерекшеліктері баяндалған. Сонымен қатар ма- қалада қарастырылған тарихи кезеңдегі дипломатиялық қызмет атқарған және кеңінен қолданылған шағатай тіліне байланысты мәселелерге ерекше назар аударылған. XVI-XIX ғасырларда хандар мен сұлтандардың хаттары негізінен әдеби шағатай немесе ортаазиялық түркі тілінде жазылды. Шағатай тілі далалық хандықтарда іскерлік тілдің қызметін атқарды және көрші елдердің монархтарымен дип- ломатиялық хат алмасуларда кеңінен қолданылды.

Description

Citation

Байшуакова А.Д. ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ хандарының хаттары және дипломатиялық хат алмасулардағы шағатай тілінің рөлі/А.Д. Байшуакова, Г.Д. Сугирбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 61-70 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By