Әлікей Марғұланның қазақ этнографиясын зерттеуге қосқан үлесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл ғылыми мақалада қазақ этнографиясының қалыптасуындағы академик Әлкей Хақанұлы
Марғұланның рөлі жан-жақты талданады. Зерттеу барысында ғалымның этнография, археология және
фольклортану салаларындағы еңбектеріне сүйене отырып, оның ғылымға енгізген әдістемелік
жаңалықтары мен теориялық тұжырымдары қарастырылды. Марғұлан қазақ халқының материалдық
және рухани мәдениетін кешенді зерттеген алғашқылардың бірі ретінде этнографияны дербес ғылым
саласы ретінде дамытты.
Мақалада оның қазақ қолөнері, киіз үй, ұлттық киім, ою-өрнек, тұрмыстық бұйымдар, салт-
дәстүр жүйесі туралы еңбектері этнографиялық ғылым үшін маңызды дереккөз екені көрсетілді.
Сонымен бірге, фольклорды этнографиялық дерек ретінде талдау арқылы ғалым қазақ халқының
дүниетанымдық ерекшеліктерін ашуға айрықша үлес қосты.
Марғұланның археология мен этнографияны біріктіруі ғылымдағы елеулі жаңалық болып
саналады. Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашуы мен далалық экспедициялары қазақ этнографиясының
тарихи тереңдігін дәлелдеп, этноархеологиялық әдістің негізін қалады.
Зерттеу нәтижелері ғалымның қазақ этнографиясының теориялық және әдіснамалық базасын
қалыптастыруда шешуші рөл атқарғанын дәлелдейді. Оның мұрасы қазіргі этнология, археология және
мәдениеттану ғылымдары үшін құнды әрі өзекті болып қала береді.
Description
Citation
Ахмеди Қ.Б. Әлікей Марғұланның қазақ этнографиясын зерттеуге қосқан үлесі/Қ.Б. Ахмеди//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 114-118 б.