Моғолстан тарихының оқулықтарда берілуін талдау: тарихи оқиғалар, тұлғалар және идеологиялық аспектілер

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада Моғолстан тарихы туралы түсініктерді бағалауға бағытталған кешенді зерттеудің нәтижесі баяндалған. Зерттеу барысында негізгі тарихи оқиғаларға, негізгі тарихи тұлғаларға және оқу материалдарында ұсынылған Моғолстан тарихына қатысты идеологиялық аспектілерге оқу басылымдары негізінде талдау жүргізілді. Оқулық жасаудың логикалық-психологиялық тұжырымдамасының авторы, ғалым А.З. Рахимов «Оқулық дегеніміз — жаңа білімді меңгеру құралы емес, ол оқушылардың жүрегі мен парасатын қызықтыра алатын проблеманы баяндайтын әлеуметтік маңызы бар объект» деген [1] тұжырымдамасына назар салсақ, оқулықты идеологиялық құрал ретінде қарастыруымызға дәлел бола алады. Кеңес Одағы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі орта білім оқулықтарына салыстырмалы талдау жүргізе отырып, үстем болған идеологияның тарихи оқиғаларды тәпсірлеуге және тұлғаларды сипаттауға әсері болғандығын көреміз. Сонымен қатар, зерттеу барысында Моғолстан тарихындағы қандай оқиғалар оқулықтарда бейнеленген және қай тұлғалардың есімі оқулық мазмұнына кіргізілгеніне назар аударылады. Орта білім беру деңгейіндегі оқулықтардағы Моғолстан мемлекетінің тарихын талдауға, жаңа буын оқулықтарындағы жаңаша аспектілерді анықтауға және белгілі фактілерді қайта қарауға кешенді талдау жүргізу есебінен өзіндік ерекшелікке ие. Зерттеу нәтижелері оқулықтардағы Моғолстан тарихының жазылуының объективтілік дәрежесі, сондай-ақ, оқулықтардағы оқу материалдарының мазмұнына әр кездегі идеологиялар да әсер еткендігі туралы қорытындыға әкелді. Негізгі идеялар мен тұжырымдарға келе отырып, мақалада Моғолстандағы тарихи процестерді тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Description

Citation

Смаханова Ж.С. Моғолстан тарихының оқулықтарда берілуін талдау: тарихи оқиғалар, тұлғалар және идеологиялық аспектілер/Ж.С. Смаханова, А.П. Алиакбарова, Г.Т. Моминова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №2. 166-173 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By