Кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін талдау

Abstract

Мақсаты: Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту — экономика дамуының заманауи әлемдік үрдісі. Бұл саладағы зерттеулер ЖІӨ өсу динамикасының және әйелдер кәсіпкерлігінің даму деңгейіне тәуелділігі байқалады. Жыл сайын әйелдер кәсіпкерлігі саласында өте танымал әлеуметтік нарықтарды, білім беру қызметтерін дамыту қажеттілігі артып келеді. Әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы еңбек белсенділігі халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге қолайлы жағдай туғызып, жаңа жұмыс орындары пайда болып, өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейі артады. Жұмыстың мақсаты — әйелдер кәсіпкерлігінің мәні мен ерекшеліктерін қарастыру. Әдісі: ғылыми зерттеу аясында жалпытанымдық ғылыми әдістер, яғни қоғамдық өмірді жан-жақты зерттеуге бағытталған құрылымдық-функционалды, жүйелік талдау, талдау және синтез, салыстыру және ұқсастық әдістер қолданылды. Қорытынды: Қазіргі экономикадағы еңбек нарығы өзгерістермен, соның ішінде әйелдерді жұмыспен қамту саласындағы өзгерістермен қатар жүреді. Шағын және орта бизнестің дамуы көптеген адамдарға өз ісін ашуға мүмкіндік берді. Қазақстандық қоғамның этномәдени ерекшелігі де әйелдер ісін дамытуда өз ізін қалдырады, әйелдерге үй шаруашылығын жүргізу және отбасы мүшелеріне қамқорлық қажет. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан әйелдерінің кәсіпкерлік қызметте өз әлеуетін іске асыруға көптеген экономикалық мүмкіндіктері бар екенін атап өткен жөн. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту экономикалық саясаттың қуатты құралы болып табылады және мемлекет тарапынан одан әрі дамып, қолдау көрсетуді талап етеді. Тұжырымдама: зерттеудің алынған нәтижелері Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің жаңа толқынының дамуын дәлелдейді. Әйелдер бизнесін дамыту бойынша бірқатар мәселелер анықталды және жүргізілген талдау негізінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мүмкіндіктері мен бағыттары айқындалды.

Description

Citation

Кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін талдау/Акыбаева Г.С.[et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. - 2022. - №1. - 184-194 бет.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By