Қаржылық есептіліктегі ақпараттардың бұрмалануын анықтау әдістемесін жетілдіру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақсаты: Мақаланың мақсаты қаржылық есептіліктегі ақпараттардың бұрмалануын анықтау әдістемесін
жетілдіру мақсаты үшін есептік көрсеткіштерді пайдалану мәселелерін қарастыру. ҚР-ның шаруашылық субъ-
ектілерінің бірінің мысалында қаржылық есептіліктің бұрмалану белгілерін анықтау мақсатында профессор
Мессод Д. Беништің «қаржылық индикаторлардың нормативтік ауытқу картасын» қолданудың мүмкіндігі көр-
сетілген.
Әдісі: Деректерді салыстыру, көлденең талдау, коэффициенттік талдау, абсолютті және қатысты шамалар
әдістері қолданылды.
Қорытынды: Жүргізілген зерттеу нәтижелері Бениш моделінің қаржылық есептіліктегі ақпараттардың
бұрмалануын анықтауға қабілетті екенін көрсетті. Амортизация, түсімдер, жиынтық пайда бойынша сату рен-
табельділік және жалпы әкімшілік шығыстар, сондай-ақ, қаржылық тәуелділік коэффициентінің индекстері
бұрмалауларды анықтау үшін маңызды болып саналады.
Тұжырымдама: Қаржылық есептіліктегі бұрмалаулар ішкі және сыртқы бақылаудың әлсіздігі болған кез-
де орын алады. Бұрмалаулардың алдын-алудың ішкі деңгейі қаржылық есептілікті жасаудың ішкі тәртіптерін
нақтылау арқылы іске асырылса, ал оның сыртқы деңгейінің құралы сыртқы аудит болып табылады.
Description
Citation
Нургалиева А.М. Қаржылық есептіліктегі ақпараттардың бұрмалануын анықтау әдістемесін жетілдіру/А.М. Нургалиева [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy Series. -2021. №4. 117-126 б.