Қазақстандағы зиярат ету дəстүрі: тарихнамалық шолу
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстандағы зиярат ету дəстүрінің отандық тарихнамасына шолу жасалған. Зиярат етудің
түп-тамыры көне дəуірлерден бастау алады. Ғасырлар бойы өзінің тарихи-мəдени мəнін сақтап қалған
бұл мəдени феномен қазіргі уақытта да қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Зиярат етуді əр түрлі
ғұрыптар арқылы қасиетті орындарға ғибадат жасау арқылы Құдаймен байланысу мақсатын көздейтін
саяхат ретінде түсінуге болады. Əр түрлі материалдарды зерттеу барысы зиярат етудің политеистік,
монотеистік діндердің ғұрыптық тəжірибесімен байланысын көрсетеді. ХХ–ХХІ ғасырлар аралығында
зиярат ету мақсатындағы саяхаттар белсенді түрде дами бастады. Соңғы жылдары осы мəселе
дінтанушылардың, тарихшылардың жəне елдегі діни туризмді ұйымдастыруды жүзеге асыратын
менеджерлердің назарын аудара бастады. «Зиярат» сөзін зерттеушілер əр түрлі мағынада түсіндіреді,
осыған байланысты бұл дəстүрді «зиярат ету», «діни туризм» сияқты терминдермен белгілеу орын
алған. Қарастырылып отырған мəселе болашақта түрлі тəсілдерді үйлестіре отырып, кешенді жəне
көлемді зерттеу жұмыстарының жүргізілуін қажет етеді.
Description
Keywords
Citation
Тлегенова Л.Т. Қазақстандағы зиярат ету дəстүрі: тарихнамалық шолу/Л.Т. Тлегенова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №1. 57-63 б.