Цифрландыру жағдайында медициналық қызметтердің сапасын бағалаудың әдіснамалық тәсілдері

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: Медициналық қызметтер сапасын бағалаудың қазіргі тәсілдерін және медициналық мекемелер көрсететін қызметтер сапасының өлшемдерін зерттеу. Мақалада республикадағы денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялаудың алғышарттары да қаралды. Әдістері: Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін кабинеттік зерттеулер – медициналық қызметтердің сапасын бағалау саласындағы заңнамалық актілерге контент талдау және медициналық қызметтердің сапасын бағалаудың әдістемелік тәсілдерін ғылыми негіздеу үшін әдеби дереккөздерге шолу және салыстырмалы талдау жүргізілді. Нәтижелері: Мақалада медициналық қызметтердің сапасын бағалау үшін медициналық қызметтердің сапасы және медициналық қызметтердің сәйкестік сапасы сияқты сипаттамалар қолданылды. Медициналық қызмет көрсету сапасы медициналық қызмет іс жүзінде пациенттің қажеттілігін қанағаттандыратын дәрежесін көрсетеді. Медициналық қызметтің сәйкестік сапасы медициналық мекеме ұсынатын қызметтердің ішкі ерекшеліктер мен стандарттарға сәйкес келу дәрежесін анықтайды. Қорытындылар: Авторлар медициналық қызметтердің сапасын бағалаудың әдіснамалық негіздері мен критерийлеріне контент талдау жасау негізінде медициналық қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды бағалаудың бірлескен тәсілін пайдалануды ұсынды. Медициналық қызметтер сапасын бағалаудың келесідей тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, жиынтық кешенді бағалауды енгізу ұсынылды. Олар SERVQUAL моделінің индикаторларын қолданып, медициналық қызметтер сапасын бағалаудың тұтынушылық тәсілін, сауалнама әдісін, стандарттарға сәйкестік әдісін және сараптамалық әдісін ендіру

Description

Citation

Оразгалиева Э.Б. Цифрландыру жағдайында медициналық қызметтердің сапасын бағалаудың әдіснамалық тәсілдері/Э.Б. Оразгалиева, М.Р. Смыкова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 3(107). – б. 263-272.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By