Қарағанды облысының экологиялық қолайсыз аудандардағы əйелдердің репродуктивті қызметін бағалау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Вестник Карагандинского университета
Abstract
Мақалада қоршаған ортаның қолайсыз факторлары кешенінің əсерін зерттеу
барысында репродуктивті жастағы əйелдердің липопероксидация процесінде малонды диальдегидтің жинақталу мөлшерінің артуы байқалды. Қан плазмасында глутатион пероксидаза (ГПО) мəнінің белсенділігі артып,
ферменттердің антиоксидантты қорғаныш белсенділігінің толықтай емес жоғарылауы байқалды. Əйел ағзасының жасушасында бос радикалдардың тотығуының бұзылыстарына алып келетін ағзаның күйзеліс жағдайы жəне эндогенді улануы анықталды. Ортаның жағымсыз факторларының ұзақ əсер
етуі, яғни, шаң-тұз-аэрозольдер мен табиғаттағы химиялық котоксиканттар жасушаның тотығу метаболизмнің бұзылысына, бос радикалдардың белсенділігі мен ағзада тотығу күйзелісінің туындауына себепші болады. Жəне соның салдары ретінде екіншілік өнімдердің (МДА) липид асқын тотығы каскады пайда болуы жəне тексерілген адамдардың биологиялық сұйықтықтарында азот оксидінің концентрациясының жоғарлағаны байқалды, бұл жасуша мембранасының тұтастығы мен өткізгіштігінің бұзылуына əкелуінің нəтижелері екені көрсетілген.
Description
Citation
Есимова, Р.Ж. Қарағанды облысының экологиялық қолайсыз аудандардағы əйелдердің репродуктивті қызметін бағалау/Р.Ж. Есимова, А.Ə. Сейілханова, К. Анис, Б.Т. Есильбаева//Қарағанды ун-тінің хабаршысы. Биология.Медицина.География сер=Вестник Караганд.ун-та=Bulletin of the Karaganda university.-2016-№3(83).-140-145 б.