Көптілді қазақ жастары және мемлекеттік тіл
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала қазіргі көп тілді білетін қазақ жастарының өз ана тілі — қазақ тілін қаншалықты
қолданатынын анықтау мақсатында ұйымдастырылған сауалнама нәтижелерін талдау арқылы қазақ
жастарының қазақ ауызша сөйлеу тіліне деген көзқарастарын анықтауды мақсат еткен. Осы
мақсатқа жету үшін еліміздегі оқу тілі ағылшын тілінде жүргізілетін Назарбаев университеті мен
Сулейман Демирель атындағы университет студенттерінен сауалнама алынды. Аталған екі жоғары
оқу орнында оқитын қазақ жастарынан қазақ, орыс, ағылшын ті лдерін қандай мақсатта, қандай
деңгейде қолданатыны, қазақ тілінде жоғары деңгейде сөйлейтін қоғамдық тұлғалардың
шаршысөздеріне көзқарастары қандай екенін және өз тілдерінің сапасын көтеруге деген ынта -
ниеттерін анықтайтын сауалнама ұйымдастырылып, сауалн ама нәтижесіне сандық және сапалық
талдау жүргізілді. Сонымен қатар, осы сауалнама барысы мен нәтижесіне сипаттама беріліп,
зерттеу қорытындысы түйінделген.
Description
Keywords
Citation
Күдеринова Қ. Көптілді қазақ жастары және мемлекеттік тіл/Қ. Күдеринова, Ж. Байтелиева, Ж. Дүйсебекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №1. 36-45 б.