«Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетел архивтерінен жаңа құжаттар» (2018-2020 жж.) мемлекеттік гранты бойынша жаңа табыстар

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Қазақтардың Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік басқыншыларға қарсы Еуропадағы Қарсы- ласу қозғалысына қатысуы — Қазақстан һәм Еуропа тарихының жарқын беттерінің бірі. Қазақтардың фашизмге қарсы күресі мен фашистік тұтқында болған қазақтардың тағдырын айғақтайтын архив құ- жаттарын зерттеу және пайдалану, қаза болған қазақ жауынгерлерінің жерленген орындарын табу, ресми түрде хабар-ошарсыз жоғалған отандастарымыздың есімдерін қалпына келтіру, қазақ халқының тарихи жадын қалыптастыру мен сақтауда маңызды орын алады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа елдерінде, атап айтқанда, Италия, Франция, Норвегия, Бельгия және т.б. қазақтардың Қарсы- ласу қозғалысына қатысуы мәселесін комплексті пәнаралық зерттеу т.ғ.д., профессор Г.М. Меңдіқұлова жетекшілік жасаған «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетел архивтерінен жаңа құжаттар» атты Халықаралық ғылыми-зертеу жобасының приоритетті мақсаты болды. Мақалада Еуропадағы Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақтар туралы шетел архивтерінен жаңадан табылған құжаттар талданған. Фашистердің күшімен Батысқа айдалған мыңдаған кеңес әскери тұтқындары мен азаматтары лагерьлерге қамалып, Еуропадағы шахталарда, зауыттарда, фермаларда мәжбүрлі жұмыс- тарға жегілді. Бірақ та олардың көбі бұған көнбеді, лагерьлерден қашып партизан топтарын құрды, еуропалық патриоттармен бірге фашист басқыншыларына қарсы соғысты. Архивтерден табылған куә- герлердің әңгімелері, жеке куәліктер, анықтамалар, партизан топтарының әрекеттері туралы есептер, адам шығыны мен жерленген орындары туралы құжаттар Еуропадағы фашизмге қарсы қаһармандық- пен шайқасқан қазақтардың ерліктері жайлы тарихымызды қалпына келтіруге және кеңінен насихат- тауға мүмкіндік береді.

Description

Citation

Меңдіқұлова Г.М. «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетел архивтерінен жаңа құжаттар» (2018-2020 жж.) мемлекеттік гранты бойынша жаңа табыстар/Г.М. Меңдіқұлова, Т.С. Тумабаев, Қ.И. Қобландин//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 176-189 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By